Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Есік қаласында №1 перинаталдық орталық пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты медициналық ғимарат 2007 жылы салынған. Өткен жылы нысанға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, ғимараттың материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, айналасы абаттандырылды.
Орталықта заманауи операция залдары, орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету жүйесі, пациенттерді тасымалдауға арналған жүк лифттері іске қосылды. Толыққанды перинаталдық блок, жаңа туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия, жансақтау бөлімшелері жұмыс істейді. Дене салмағы төмен балаларды күтуге барлық жағдай жасалған. Бұл – халықаралық стандартқа сәйкес көрсетілетін сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмектің кепілі.
–Алматы облысы бөлінгеннен кейін перинаталдық орталық қызметін Қарасай, Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханалары, сондай-ақ Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы атқарып келген еді. Медициналық ұйымдар ауыр жағдайдағы пациенттерге, облыстың түкпір-түкпірінен жеткізілген шала туған нәрестелерге көмек көрсету міндетін жоғары жауапкершілікпен орындады. Осындай күрделі кезеңде аянбай еңбек еткен барлық медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Бүгінде Алматы облысы демографиялық өсім көрсеткіші жөнінен жетекші орынға ие. Өңірімізде жыл сайын 30 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бұл орайда медицина саласы қызметкерлерінің еңбектері ерен. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында мыңдаған ана аман-есен сәбиін бауырына алып, шаңырағын шаттыққа кенелтті, – деген өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев жаңа босанған аналар мен ақ желеңді абзал жандарды Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Өңірдегі алғашқы перинаталдық орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, «Алтын алқа» иегері Лиза Байрамова ақжарма тілектерін білдірсе, еңбек ардагері Тілеулес Ұзақов ақ батасын берді.
Перинаталдық орталықта консультативтік-диагностикалық, босандыру қызметі мен неонатологиялық көмек көрсетіледі. Стационарда 110 төсектік орын бар. Орталықта 45 дәрігер, 140-қа жуық орта буын медицина қызметкері мен 87 кіші мейірбике, жалпы саны 286 адам еңбек етеді.
– Перинаталдық орталық Еңбекшіқазақ ауданымен қатар Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Талғар аудандарының жүкті әйелдеріне де қызмет көрсетеді. Мұнда денсаулық жағдайы үшінші деңгейдегі, сондай-ақ экстрагенитальды аурулары бар науқастар мен шала туған нәрестелер ем алады. Бүгінде 63 әйел орналасқан. Жансақтау бөліміндегі 26 сәбидің 8-інің салмағы 1 келіге жетпей шала туғандар. Күніне шамамен 10–15 әйел босанады, – дейді орталық директоры Дәурен Иманәлиев.
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды
Қазақстан • Кеше
АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады
Әлем • Кеше
Референдум: Таяу Шығыс елдеріндегі учаскелер уақытша жұмыс істемейді
Референдум • Кеше
Қазақстан мен Түркия министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Саясат • Кеше
Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады
Оқиға • Кеше
Мереке күндері ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы мерекелік концертке барды
Президент • Кеше
Елімізде қазір қай жолдар жабық тұр?
Оқиға • Кеше
Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады
Ата заң • Кеше
Президент әйелдер қауымын мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент • Кеше
Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды
Ғылым • Кеше
Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті
Президент • Кеше
Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты
Қаржы • Кеше
Қазақстанда қанша әйел тұрады?
Халық • Кеше
Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше