Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде финалға шықты

10.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,766 ұпай жинап, бірінші орынмен шешуші кезеңге өтті.

Зейнолла Ыдырысовты төрешілер 14,700 ұпаймен бағалап, ол іріктеуде екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінің финалы 10 және 11 сәуір аралығында өтеді. 

Осыған дейін көркем гимнастикадан Ташкенттегі әлем кубогында ел құрамасынан кімдер бақ сынайтынын жазғанбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью