Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
NASA төтенше эвакуация жариялады. Агенттік Crew-11 экипажын жоспарланған уақыттан ертерек Жерге қайтару туралы шешім қабылдады.
Бұған экипаж мүшелерінің бірінің денсаулығына қатысты мәселе себеп болған. NASA дерегінше, ғарыш станциясында толық медициналық тексеру жүргізу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан астронавтқа қажетті көмек Жерде көрсетіледі. Қазіргі таңда ғарышкердің жеке басы мен денсаулығына қатысты нақты ақпарат жарияланған жоқ. Crew-11 құрамында АҚШ, Жапония және Ресей астронавттары бар. Экипаж тамыз айынан бері ғарыш станциясында жұмыс істеп келеді. Алғашқы жоспар бойынша олар Жерге мамыр айында оралуы тиіс болған.