Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстанда есірткі тұтынушыларды ағын суларды талдау арқылы анықтау ұсынылып отыр. Астана мәслихатының депутаты Алтыншаш Табулдинаның айтуынша, заманауи технологиялар есірткі қолдану ошақтарын нақты үйлер мен оқу орындарына дейін дәл анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Табулдина бұл әдістің кәріз суларынан есірткі заттарының тіпті аз мөлшердегі іздерін тауып, сол арқылы оны тұтынушылардың нақты қай жерде екенін анықтауға мүмкіндік беретінін айтты.
"Кәріз құбырларынан сынама алып, нақты қай жерде - белгілі бір үйде, университетте немесе мекемеде мұндай фактілердің бар-жоғын анықтауға болады. Бұл - жұмыс істеуге болатын нақты нысаналы топтар", - деді ол.
Депутат ағын суларды есірткі ізіне талдаудың заманауи әдістері қазірдің өзінде кейбір ұйымдарда қолданылып жатқанын атап өтті.
"Біз бір ұйымда болып, тіпті аз мөлшердегі дозалардың кәріз құбырлары арқылы анықталатынын көрдік. Қай жерде - үйде, мекемеде, университетте немесе колледжде есірткі тұтынылатынын түсінуге болады", - деп қайталады Алтыншаш Табулдина.
Депутат жасөспірімдер мен жастардың есірткіге тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде деп санайды. Оның айтуынша, дәрістер, ақпараттық науқандар мен бейнематериалдар түріндегі профилактикалық жұмыстар күткен нәтиже бермей отыр.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу