Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды

23.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Джозеф Стиглитс (Joseph E.Stiglitz) әлемге танымал американдық экономист. Колумбия университетінің ұстазы. Халықаралық банк төрағасының орынбасары болған. АҚШ президенті Клинтон тұсында экономикалық кеңесшілер мәжілісін басқарған. Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері (2001 жыл). Ғалым бүгінгі саяси-экономикалық үдерістер жайында тереңнен ой қозғайды. Оның құнды пікірінің бірі қоғамдағы теңсіздік туралы ойлары. Оны The Price of Inequality еңбегінде ерекше атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Д. Стиглитс теңсіздікті екіге бөліп қарастырады. Бірі –  табиғи, екіншісі – саяси-экономикалық тұрғыда қолдан жасалған теңсіздік. Мәселен адамдардың бәрі өмірде теңдей болмайды. Ақыл-ойымен, еңбегімен қатарынан озатындар бар. Мұндай айырмашылық табиғатта болатын құбылыс. Керісінше теңсіздік қолдан ұйымдастырылады. Соның салдарынан қоғамда байлар мен кедейлердің арасы тым алыстай түседі. Оған мәселен, монополия, салықты жасыру, қарапайым жұмысшылар есебінен белгілі бір адамдардың баюы секілді әрекеттер жатады.

Экономисттің пікірінше, осы теңсіздіктің нәтижесінде өмірде барлық әлеуметтік мәселелер туындайды. Ал бай мен кедейдің арасының тым алшақтауына табыс пен пайданың әділ үлестірілмеуі себеп. Ғалым осы мәселені зерттеуге ғұмырының 30-40 жылын арнаған. Сөйтіп әлеуметтік теңсіздік қоғамда орта тапты тым әлсіретіп жібереді деген тұжырымға келеді.

40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?

Енді экономистің ой-пікірлерінен бірнеше мысал айтсақ. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) жағынан АҚШ әлемде бірінші орында тұрған мемлекет. Бірақ соған қарамастан табыс бөлінісі өте әділетсіз. Мәселен Құрама штаттардың 1% азаматы елдің 30% қазынасына ие. Керісінше американдықтардың 60%-ы нашар күйде өмір сүреді. Көпшілігінің үй алуға, қымбат медицина мен білім беру қызметін пайдалануға қалталары көтере бермейді. Жалпы мұндай жағдай тек АҚШ емес, әлемнің кез келген еліне тән құбылыс. Мәселен мұнайға бай араб елдерінде де халықтың 10% жұрты мемлекеттің 60% байлығын иеленеді. Сондықтан Д. Стиглитс мұндай теңсіздікті табиғи емес, саяси-экономикалық шешімдер арқылы қолдан жасалған алалау деп түсінеді.

Өз кезегінде ғалым белгілі бір топтарды байытып, қалған төмендегі халықты кедейлендіре түсудің бірнеше себебін атайды. Оның біріншісі ірі компанияларға инвестиция тартады, қосымша жұмыс орнын ашады деген үмітпен берілетін салықтық және басқа да жеңілдіктер. Жалпы салықтың маңыздылығы ешкімге де жасырын болмаса керек. Дей тұрғанмен жерасты қазба байлығын сатумен күн көретін мемлекеттер салықтан гөрі, қазба байлықтан түскен табысқа көбірек арқа сүйейді. Ондай елдердің бюджеті негізінен жерасты байлығынан түсетін пайдамен толтырылады. Ал қазба байлығы жоқ мемлекеттер тек қарапайым азаматтардың төлейтін салығына иек артады. Сондықтан ондай елде тұратын адамдарда «мен мемлекетті салығым арқылы өз қалтамнан қаржыландырып жатырмын» деген түсінік басымдау боп келеді. Сол себепті Д. Стиглитстің пікірінше, олар үкіметтен денсаулық пен білім беру қызметін сапалы етуді, халыққа жайлы өмір жасауды толық талап ете алады.

Жаңа Салық кодексі халыққа не береді?

Бұл ретте ғалым тарихшы Оливер Вендел Холместің «Салық біздің бақытты өмір сүруіміз үшін төленген өтемақы» деген сөздерін мысалға келтіреді. Д. Стиглитстің ойынша байлар салықты басқалардан көбірек төлеу керек. Ол біріншіден қалталы азаматтың өзіне қажет. Себебі оның салығына мемлекет қорғаныс пен қауіпсіздікті күшейтеді, білім мен денсаулық сақтау саласының сапасын жақсартады, инфрақұрылымды дамытады. Осының бәрі компания басшысының өзіне пайда болып айналып келеді. Халқы білімді, денсаулығы жақсы, қорғанысы берік қамалдай, барлық инфрақұрылыммен қамтылған мемлекетте жүргізілген бизнес иесін міндетті түрде табысқа шығармай қоймайды. Сол үшін елдің мүддесін бірінші кезекте байлар ойлауы тиіс.

Д. Стиглитс компанияларға берілетін салықтық жеңілдіктер арқылы кәсіпорын өзінің өндірісін кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашады деген сенім таза өтірік екенін айтады. Блумберг агенттігі келтірген статистика бойынша АҚШ-та салық жеңілдігін иеленген компаниялар одан түскен пайданы инвестицияға емес, қор нарығынан акция сатып алуға жұмсап жіберген. Бұл бір ғана Құрама штаттарда емес, әлемнің барлық елінде болып жатқан жағдай. Тіпті демократиялы Еуропаның өзінде салықтағы алаяқтық бабымен әйгілі IKEA компаниясы да соттылы болып жатыр.

Осы тұста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүріп жатқан реформалардың дұрыстығына тағы бір мәрте көз жеткізе аламыз. Айталық Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауының бірінде байларға салтанат салығын салуды тапсырды. Бұл – бір. Екіншіден мұнайға, басқа да қазба байлықтарға тәуелділіктен арылу үшін экономиканы әртараптандыру бағдарламасы елімізде қарқынды түрде іске асып жатыр. Яғни келешекте қазынаға түсетін табысты өндіріс пен азаматтардың салығы құрайтын болады. Сондықтан да бүгінгі таңда елімізде Президент пәрменімен салық кодексіне үлкен өзгерістер енгелі жатыр. Бұл ретте Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттің орнықты дамуы үшін салықтық төлемдердің маңызды екенін түсіне білуі тиіс. Бұдан бұрын да айтылғандай ел қазынасының көп бөлігі әлеуметтік міндеттемелерді төлеуге жұмсалып кетіп жатыр. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бюджетте қаржы жеткілікті деңгейде емес. Егер байлар алымдарын жасырмай, салтанат салығын төлеп тұрса, кәсіп ашқан әр азамат ел мүддесін бірінші орынға қойса, мемлекет қазынасы арта түсер деген ой ғана ғой бізде.

Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?

Д. Стиглитстің пікірінше, қалталы азаматтардың шекесін шылқытып отырған тағы бір нәрсе ол түрлі міндеттемелерді орындамау, ереже-заңдарды біліп тұрып әдейі бұзу. Мәселен көптеген кәсіпорындар экологияны сақтауға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосымша инвестиция бөлгісі келмейді. Осы талаптарды орындамаудың нәтижесінде қаншама қаражатты өз пайдаларына үнемдеп отыр. Ал бірақ жапа шегетін қоршаған орта мен қарапайым жұмысшылар. Тіпті көп мекемелер артық ақша шығармау үшін адамдарды тұрақты жұмысқа алудың орнына фрилансер, яғни еркін еңбеккер есебінде пайдаланады. Бұл жерде жұмыс беруші оның еңбек қауіпсіздігіне, денсаулығына басқа да әлеуметтік міндеттемелеріне жауап бермейді. Мұндай үрдіс өкінішке қарай әлемнің барша елінде кең таралған.

Осы аталған мәселерден арылудың жалғыз жолы – әр адам өзінің жеке ар-ұятына, адамгершілігіне көбірек үңілуі керек. Бұл тұста Президент бастаған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы, «Толық адам» ілімі негізінің қаншалықты маңызды екендігі байқалады. Бұдан экономика, саясат пен руханият бір-бірінен ажырамай, әрдайым қатар жүру керектігін түсінеміз. Біріне көбірек маңыз берілсе басқасы міндетті түрде әлсірейді.

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 16:55

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 16:52

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42

Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 16:30

Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Хоккей • Бүгін, 16:25

Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды

Экономика • Бүгін, 16:11

«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?

Спорт • Бүгін, 16:10

Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді

Спорт • Бүгін, 16:01

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін

Қоғам • Бүгін, 15:47

Таразда жол белгілерінің дұрыс орнатылмауы салдарынан жүргізушілерге 345 млн теңге айыппұл заңсыз салынған

Қоғам • Бүгін, 15:40

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

Ауыл • Бүгін, 15:30

Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 15:23

LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?

Қоғам • Бүгін, 15:18

Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

Президент • Бүгін, 15:08

Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады

Президент • Бүгін, 15:05

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью