Нәтиже: екі рекорд, екі финал

11.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан құрамасының өкілдері екі ұлттық рекорд жаңартып, екі финалға жолдама алды. Қыздар арасындағы сырықпен секіру сайысында Анна Черкашина іріктеу кезеңінде 4,10 метр нәтижесін көрсетіп, U20 санатындағы Қазақстанның рекордын жаңартты. Финалда спортшы бұл нәтижесін қайталап, қорытынды бойынша 11-орынға ие болды.

Әлем чемпионатында диск лақтырудан сынға түскен Максим Сажнев те іріктеу кезеңінде 61,37 метр нәтижемен Қазақстанның U20 санатындағы рекордын жаңартты. Финалдық сайыста спортшы 59,85 метр нәтиже көрсетіп, жарысты 11-орынмен аяқтады.

Сымбат БЕГІМБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью