НАТО ның қауіпсіздігі Украинаның қауіпсіздігімен байланысты Рютте

13.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. НАТО елдерінің қорғаныс министрлері кездесуінен кейін НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте ұйымның қауіпсіздігі Украинаның қауіпсіздігімен байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

"Одақтастар бірге – Украинаны қолдауда және одақтас ел аумағының әрбір дюймін қорғауға деген міндеттемеде бірге. Кеше бастаған "Арктикалық күзетші" бастамасы мұны тағы да айқын көрсетеді", - деді ол.

Рютте бұған дейін Эммануэль Макронның одақтастар арасында ашықтық болған жағдайда Ресеймен байланыстарды қалпына келтіру идеясын қолдайтынын мәлімдеген. Ол сонымен қатар "Ресеймен қарым-қатынастағы тығырықтан шығуға АҚШ көмектесті" деп айтты.

НАТО-ның Еуропадағы Жоғарғы одақтас қолбасшылығы 11 ақпанда Альянстың аймақтағы қатысуын нығайту үшін "Арктикалық күзетші" операциясын бастағанын жариялады.

Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью