НАТО ның Украинаға қаржылай көмегі жеңіске жету үшін жеткіліксіз Мирошник

08.07.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. НАТО-дан Украинаға бөлінетін 70 миллиард еуро қаржылай көмек жеңіске жету үшін жеткіліксіз болатыны анық, деді Ресей сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник.

Бұл туралы РИА новости жазды.

Мирошниктің айтуынша, бұл қаржы жеңіске жетуге жеткіліксіз, тек әскери қимылдарды созуға жеткілікті болады.

Анкарада 7-8 шілде аралғында НАТО саммиті өтіп жатыр. Саммит жоспарына биыл Украинаға 70 миллиард еуро және кем дегенде 2027 жылы осынша соманы бөлу туралы ұсынысты талқылау кіреді.

"Бұл қаражат кейбіреулер үміт артып отырған жеңіске жету үшін жеткіліксіз болады. Бірақ бұл орасан зор сома әскери қимылды созуға ғана жеткілікті болады", - деді Мирошник "Известия" басылымына.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью