Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
2026 жылғы наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 184 мыңға жуық түлек тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушілердің сертификаты аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.
2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
Айта кетейік, ҰБТ 2 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады
Естеріңізге сала кетсек, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Соңғы жаңалықтар
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40