Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады

13.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Нәтижесінде, жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. 

Қосымша пойыздар қозғалысы

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

Алматы-2 стансасынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз; Астана-1 стансасынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

Нұрлы жол стансасынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз; Шымкент стансасынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы — 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

Ақтөбе стансасынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз; Нұрлы жол стансасынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Анықтамалық ақпарат  үшін 1433 тегін нөмірі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью