Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Наурыз мейрамын қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздардың құрамын ұлғайтады.
Мереке күндері келесі қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:
• 2026 жылғы 20 және 21 наурыз – №7510 «Астана – Павлодар» электрпойызы;
• 2026 жылғы 25 наурыз – №7509 «Павлодар – Астана» электрпойызы;
• 2026 жылғы 25 наурыз – №6803/6804 «Астана – Атбасар» электрпойыздары;
• 2026 жылғы 25 наурыз – №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» электрпойызы.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 «Қарағанды – Балқаш» жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.
Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ал пойыздан қалып қойған жағдайда билет құнын қалай қайтарып алуға болатынын мына сілтемеден оқыңыз.