Nauryz Sale : Мереке қарсаңында азық түліктер арзан бағада сатылады

11.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Наурыз мейрамы қарсаңында елімізде 13-23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы өтеді. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы жандандыруға және ел тұрғындары мен қонақтарына ортақ мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

Акция кезеңінде сауда субъектілері азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10-70 пайыз аралығында жеңілдіктер ұсынады. Акциялық өнімдер сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер мен басқа да POS-материалдар сатып алушыларға жеңілдікпен ұсынылған тауарларды оңай табуға мүмкіндік береді.

Жалпы акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Оның ішінде 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда платформасы бар. Қатысушылар қатарында Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астықжан», «Аян», Greenwich секілді ірі сауда желілері, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza сияқты сауда-ойын-сауық орталықтары бар.

Ел тұрғындары наурыз айында қанша күн демалады?

Акция аясында еліміздің өндірушілерін қолдауға айрықша көңіл бөлінеді. Сауда орталықтарында отандық өнімдерге арналған арнайы сату аймақтары ұйымдастырылады. Бұл алаңдарда ұсынылатын тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10-20 пайызға төмен бағамен сатылады.

Мерекелік саудамен қатар келушілерге арналған мәдени әрі интерактивті бағдарлама да әзірленген. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар орнатылады. Серіктестік аясында Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тәрбие» ұлттық киім дүкені келушілерге ұлттық үлгідегі киімдерді ұсынып, оларды киіп көріп, естелік суретке түсуге мүмкіндік береді. Мұндай аймақтарды Ақтаудағы SAYA Mall, Петропавлдағы Dostyk Mall, Ақтөбедегі KeruenCity, Астанадағы Keruen City Astana, Атыраудағы Infinity Mall, Түркістандағы Turan Mall, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған.

Сонымен қатар Наурыз мерекесіне орай Сауда және интеграция министрлігі «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсын өткізеді. Байқау 2026 жылғы 13-20 наурыз аралығында өтеді. Оның мақсаты – сауда нысандарын мерекелік безендіруде цифрлық шешімдерді енгізу және инновациялық сервистерді дамыту.

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Қатысушылар жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектіні үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Байқауға қатысу үшін Instagram желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.

Жеңімпаздарды сараптамалық комиссия креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану деңгейі, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы бойынша анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда жарияланып, үздік жобалар салтанатты түрде марапатталады.

Туристік маусымның ашылуы: Наурызда екі маңызды іс-шара өтеді

Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды

Әлем • Бүгін, 11:28

Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады

Әлем • Бүгін, 11:17

15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды

Референдум • Бүгін, 11:07

«Nauryz Sale»: Мереке қарсаңында азық-түліктер арзан бағада сатылады

Баға • Бүгін, 10:56

Оңтүстік Кореядағы өрт: Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының сүйегі табылды

Оқиға • Бүгін, 10:46

Астанада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды

Білім • Бүгін, 10:35

Қар, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 10:27

Шекарашылармен өткен бір күн

Айбын • Бүгін, 10:14

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Қоғам • Бүгін, 10:00

Ғылымды қолдау – ел болашағына салынған инвестиция

Ғылым • Бүгін, 09:52

Теміржол саласындағы өзгерістер: Инфрақұрылым қалай дамып жатыр?

Логистика • Бүгін, 09:40

IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:27

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Мал ұрлығының алдын алу өзекті

Қылмыс • Бүгін, 09:00

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью