Наурызда 170 мың автокөлік есепке алынды статистика

17.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Наурыз айында 170 мың автокөлік есепке алынды, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

2026 жылдың наурызында 170 мың бірлік автокөлік құралы есепке алынды. Өткен айда қайта тіркеуден өткен автомобильдердің 63%-ының шыққан жылы 10 жылдан асқан, ал 3 жылдан аспаған автомобильдердің үлесі – 24%.

"2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 955,8 мың бірлікті құрады, оның 83,9% – жеңіл автомобильдер, 8,2% – жүк көліктері, 4,4% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, мотоциклдер – 1,2% және 0,8% – өзгелері", - деп жазылған хабарламада.

Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктер жііктеуі мынандай:

бензин - 80%;

аралас отын - 6,6%;

дизель отыны - 7,6%;

газ баллоны орнатылғандар - 0,4%;

электр қуаты - 31 100 (0,5%).

Сонымен қатар, тіркелген көліктің басым бөлігінің (35,6%) қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше см, қозғалтқыш көлемі 1500 текше см дейінгілердің үлесі – 25,3%, 2000-2500 текше см – 14,7%, 2500-4000 текше см – 12,8%, қозғалтқыш көлемі 4000 текше см асатын көлік үлесі – 8,6%.

Өңірлер бөлінісінде тіркелген автомобильдер саны бойынша Алматы қаласы – 723,5 мың, Алматы облысы – 642,7 мың және Астана қаласы – 452,1 мың көлік көрсеткішімен көш бастап тұр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью