Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Біздің ата-бабаларымыз көктемгі күн мен түн теңелген күндері әрбір әрекеттің киелі мәні бар деп сенген: тіпті кенет жауған жаңбыр немесе кездейсоқ келген қонақ отбасының бүкіл жылдық тағдырын анықтауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Біздің ата-бабаларымыз көктемгі күн мен түн теңелген күндері әрбір әрекеттің киелі мәні бар деп сенген: тіпті кенет жауған жаңбыр немесе кездейсоқ келген қонақ отбасының бүкіл жылдық тағдырын анықтауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наурызға дайындықты асүйден емес, жалпы тазалықтан бастау керек. Ұлттық музейдің аға ғылыми қызметкері, тарихшы Бақытгүл Нұрғожина 21 наурызды лас күйде қарсы алу жаман ырым екенін ескертті.
"Жаңа дүниеге жол ашу үшін жиналып қалған қажетсіз заттың барлығынан арылу керек. Кейбіреулер тазарту үшін адыраспанмен үйді аластайды", - деді ол.
Негізгі тағам - Наурыз көже міндетті түрде 7 түрлі құрамнан тұруға тиіс. Бірақ дастарханда не тұрғаны ғана емес, тағамдардың түсі де маңызды.
"Дастарқанда ақ түсті тағамдардың болғаны жөн: қымыз, қаймақ, шұбат. Ақ дастархан отбасыға береке мен молшылық әкеледі деп есептеледі", - деді Нұрғожина.
Наурызда қазақтар қонаққа ерекше құрметпен қарайды. Қонақ күтуге қатысты қатаң ережелер бар.
"Қонақ бала болсын, үлкен болсын, асығып тұрса да, міндетті түрде дастарханға шақырады немесе жолға азық беріледі. Қонақты құр қол жіберуге болмайды. Аш адамды тойдырсаң, отбасыңа байлық пен бақ келеді деп сенген", - деп қосты ол.
Жалпы, бұл күндері қонақтарға ерекше ықыласпен қарау керек, сондықтан реніш білдіруге болмайды.
"Наурызда, басқа мерекелерде де ыдыс-аяқ тарсылдатуға болмайды. Бір жағынан, бұл ырым бойынша бақты үркітіп жібереді. Екінші жағынан, үй иесінің ыдыс тарсылдатуы қонаққа риза емес екенін білдіреді", - деді тарихшы.
Қарлығаштарды ренжітуге немесе олардың ұясын бұзуға болмайды. Тарихшының айтуынша, қарлығаш - жақсылықтың белгісі.
"Бұл - көктем отбасыға береке әкелді деген сөз. Егер қарлығаш үйіңізге ұя салса, оны бұзуға болмайды, әйтпесе бақ кетеді", - деді ол.
Тіпті Наурыздағы ауа райы да белгі ретінде қабылданған. Бұл күні жауған жаңбыр жақсы ырым саналады, ол - тазалық пен болашақ мол өнімнің нышаны. Оған шағымдану әдетке жатпаған.
"Маңызды күннің қарсаңында немесе сол күні жаңбыр жауса, көп адам ренжиді, бірақ шын мәнінде бұл - жақсы белгі", - деп қорытындылады Нұрғожина.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!