Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Тараз қаласында Наурыз мейрамы тойлау кезінде шын мәнінде жүрекке жылу сыйлайтын әсерлі оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жас ана сәбиін арбасына қалдырып, қысқа уақытқа өз шаруасымен кетіп қалады. Ал жанында ұландықтар болып шығады. 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілер абдырап қалмай, арбаның қасында кезекпен тұрып, нағыз қарауылда тұрғандай күзетеді.
Әлеуметтік желілерде бұл оқиға көпшіліктің жүзін жылытты: бірі мерзімді әскери қызметшілерге сәттілік тілеп, тезірек елге оралуын қаласа, енді бірі әзіл аралас — ананың қайда кеткенін сұрап жатыр.
Осындай сәттер ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері тек қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, әрбір адамға жанашырлықпен қарайтынын көрсетеді. Күн сайын елдің 21 қаласында шамамен 7 мың ұландық патрульге шығып, азаматтардың тыныштығын күзетеді.