Наурыздағы ҰБТ: 117 талапкердің нәтижесі жойылды

17.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Биылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ның алғашқы екі аптасында 67 мыңнан астам талапкер тестілеуден өтті. Бұл кезеңде білім алушылардың 66,99%-ы – қазақ тілінде, 32,88% – орыс тілінде, ал 85-і – ағылшын тілінде тест тапсырған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Екі апталық ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлердің 61%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 59, ал ең жоғары нәтиже – 136 балл. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалып, 192 талапкер арнайы мүмкіндікпен тестілеуге қатысқан.

Талапкерлер тест тапсырмаларын тест аяқталған соң 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Техникалық себептер туындаған жағдайда апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылған соң жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

Елімізде наурыз айындағы ҰБТ басталды

Екі апталық тестілеу кезінде 117 ереже бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 69 талапкер смартфон, шпаргалка және тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді, тағы 48 адам аудиториядан шығарылады. Бұл тұлғалардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Айта кету керек, тестілеуге қатысуға 184 мыңға жуық келіп түскен. Бұл ҰБТ-ның жоғары сұраныстағы және кең қамтылғанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Газ өлшеудегі заңбұзушылық: Қарағандыда станцияға айыппұл салынды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:35

Мереке қарсаңында отандық әуе компаниялар рейстер санын көбейтті

Мереке • Бүгін, 11:23

«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады

Қоғам • Бүгін, 11:17

Шаңырақ шуағы: Су шаруашылығы саласына 160 жыл ғұмырын арнаған әулет еңбегі

Отбасы • Бүгін, 11:12

Ел азаматтарының 87,1 пайызы жаңа Конституцияны қолдады

Референдум • Бүгін, 11:10

Кубадағы дағдарыс: 3 ай бойы мұнайсыз қалған елде электр энергиясы толығымен өшті

Әлем • Бүгін, 10:59

Әкесі ұлына есірткі жасауды үйреткен: Ақмола облысында ірі зертхана жойылды

Оқиға • Бүгін, 10:43

Көктемнің лебі сезіледі: Оңтүстікте 20 градусқа дейін күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 10:28

Шаңырақ күні: Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

Референдум • Бүгін, 09:59

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:52

Ормұз бұғазы: Иран шарт қойды, әлем энергетикасы алаңдаулы

Саясат • Бүгін, 09:44

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:40

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Спорт • Бүгін, 09:31

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью