Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алматы облысында Бітімгерлік операциялар орталығының жеке құрамы мен тілдік дайындық курстарының тыңдаушылары арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында бітімгерлер Қараой, Н. Тілендиев және Қосөзен ауылдарындағы 15 отбасының шаңырағына барып, оларға азық-түлік себеттері мен күнделікті қажетті заттарды табыстады.
Фото: Қорғаныс министрлігіБітімгерлік операциялар орталығы бастығының орынбасары — штаб бастығы полковник Бақытжан Жетпісовтің айтуынша, халқымыздың қайырымдылық, өзара көмек және жақынға жанашыр болу дәстүрлері ежелден ерекше маңызға ие. Әскери қызметшілер үшін елге қызмет ету мен қиын жағдайда қол ұшын созу — патриотизм мен Отанға деген адалдықтың айқын көрінісі.
Фото: Қорғаныс министрлігіСонымен қатар Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметімен бірлесіп «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Фото: Қорғаныс министрлігіҰлттық киім киген механикаландырылған құраманың өкілдері Шымкент қаласындағы Сәуле шағын ауданында тұратын бірнеше отбасының үйіне барып, азық-түлік себеттерін табыстап, қолдау көрсетті.
Бөлім командирі подполковник Сергей Биболатовтың айтуынша, мұндай игі бастамалар әскери ұжым үшін жақсы дәстүрге айналған.
Фото: Қорғаныс минисрлігіЖалпы, Наурызнама аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шаралары қазақ халқының ізгілік пен өзара көмекке негізделген дәстүрлерін дәріптеп, қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты нығайта түсті. Қарулы күштердің жеке құрамы алдағы уақытта да өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, көпбалалы отбасыларға және қамқорлыққа алынған ұйымдарға қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.
Айта кетелік Астанада Tartys Fest ұлттық спорт фестивалі өтеді.