Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанда есірткі контрабандасы бойынша күдікпен ұсталған ресейлік әнші Navai-ға (Наваи Бакиров) қатысты іс "ақталмайтын негіздер" бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды Tengri Life.
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.
"Келіп түскен сауалдарға байланысты ресейлік рэп орындаушысына қатысты қылмыстық іс оның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, кінәсін мойындап, өкінгенін ескере отырып, қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын хабарлаймыз", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қабылданған процестік шешімді қадағалау органы (яғни прокуратура) бекітті. Navai Қазақстан аумағынан шығарылды.
Бұған дейін әншінің адвокаты Рена Керимова Наваи Бакировтың қорғаушылары оны кепілмен босатуға тырысып жатқанын хабарлаған болатын. Бірақ сомасы айтылмады.
Navai-дың ұсталуы туралы не белгілі?14 қазанда Қазақстанда шетелдік орындаушы Navai-дың ұсталғаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, әнші 13 қазанда "Қордай" шекара бекетінде ұсталған. Операцияны полицейлер шекарашылармен бірлесіп жүргізді.
Бакиров мінген автокөлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді. Есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әнші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот оны екі айға қамауға алуды санкциялады.
14 қазанда Астанада Navai-дың концерті өтуі керек еді. Алайда іс-шара тоқтатылды немесе белгісіз мерзімге ауыстырылды. Ұйымдастырушылар мұны техникалық себептермен түсіндірді.
Наваи Бакиров (Navai) – шығу тегі әзербайжандық танымал ресейлік рэпер және әнші, HammAli & Navai дуэтінің мүшесі, сондай-ақ жеке хиттердің ("Пустите меня на танцпол", "Прятки", "Девочка-война") авторы ретінде танымал. Әншінің Jah Khalib сияқты қазақстандық әртістермен бірлескен жобалары немесе фиттері болған.
Ал Қырғызстанда рэпер Navai-дың шекарадан есірткімен қалай өткені тексеріліп жатыр.
Ресейлік рэпер Navai-дың ұсталуына қатысты жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу