Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстанда қамауға алынған әнші Navai (Наваи Бакиров) тергеу изоляторында ән жаза бастады. Бұл туралы Tengri Life басылымына оның адвокаты Рена Керимова айтып берді. Орындаушыны қайда алып кетті және оның ісі туралы не белгілі – біздің эксклюзивті материалымызда.
Navai қазір қайда?
Адвокат Рена Керимованың хабарлауынша, Navai қазір Тараз қаласының тергеу изоляторында отыр. Жақын арада әншінің апелляциялық соты өтеді - Бакировтың қорғаушылары оны қамаудан босатады деп үміттеніп отыр.
"Апелляция келесі аптада болады. Бұлтартпау шарасы өзгереді деп қатты үміттенемін. Мәселе мынада, оның беделі мен танымалдылығына қарамастан, ол Қазақстан үшін шетелдік азамат болып саналады. Сот үшін адамның бой тасалап кетпеуі маңызды. Ал оны Қазақстанда ештеңе ұстап тұрмаған соң, тиісінше, тәуекелдер де жоғары болады".
Рена Керимова
Адвокат
Қазіргі уақытта Navai-дың қорғаушы тарапы бұлтартпау шарасын кепілге өзгертуге тырысып жатыр. Адвокат кепіл сомасын жарияламады.
Рена Керимованың айтуынша, кепіл тәжірибесінде бекітілген мөлшерлеме жоқ. Ол 500 АЕК-тен (2026 жылы 2,1 миллион теңге) басталады, ал "жоғарғы шегі" белгіленбеген.
Бакиров тергеу изоляторында шығармашылықпен айналысып жатырNavai-дың жай-күйі туралы сауалға адвокат әншінің өзін жақсы сезінетінін айтып жауап берді. Оның сөзінше, кездесу кезінде олар ұзақ сөйлескен. Қазір ол жаңа трек жазуға кіріскен.
"Ол өзін тамаша сезінеді. Кеше біз бірнеге сағат бойы сөйлестік. Сондай қарапайым жігіт, ешқандай "жұлдыз ауруына" шалдықпаған, сыпайы, талантты. Тіпті тергеу изоляторында отырып ән жаза бастағанын да айтты", – деді Керимова.
Қорғаушының айтуынша, ол әншіден тамақтануы мен ұйқысының қалай екенін сұраған. Бакиров бәрі жақсы екенін және шағымы жоғын айтып сендірген.
Әншіге қандай бап бойынша айып тағылып отыр?Рена Керимованың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Navai-ға бір бап – есірткі контрабандасы бойынша айып тағылып отыр. Басқа баптар туралы ақпаратты адвокат алыпқашпа әңгіме деп атады.
Navai-дың ұсталуы туралы не белгілі?Наваи Бакиров 13 қазанда Қазақстанға кіре берістегі "Қордай" шекара бекетінде ұсталды. Полиция мәліметінше, орындаушы мінген автокөлікті тексеру кезінде құқық қорғаушылар есірткі затын тауып, тәркілеген. Операцияны полиция және шекара қызметінің қызметкерлері бірлесіп жүргізді.
Музыкантқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ол есірткі заттарының контрабандасы және есірткіні заңсыз сақтау дерегіне қатысты болуы мүмкін.
Кейін Navai-дың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police) жариялаған жазба
Жағдай Қырғызстанда да жалғасын тапты. Елдің Шекара қызметі Navai-дың шекарадан өту мән-жайын тексеруді бастады. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, әртіс қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақ-Жол" өткізу пункті арқылы өткен.
"Тексеру нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қолданылады", - деп хабарлады Қырғызстанның Шекара қызметі.
Ұсталу әртістің концерттік кестесіне әсер етті. 14 қазанға Navai-дың Астанада өнер көрсетуі жоспарланған болатын, алайда концерт белгісіз мерзімге ауыстырылды. Ұйымдастырушылар жоспардың өзгеруін техникалық себептермен түсіндірді.
Әртістің концерттік турының тоқтатылуы мен ауыстырылуы туралы хабарламалар жанкүйерлер арасында наразылық тудырды.
Сонымен қатар Қазақстан СІМ Navai-дың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді.
Әртіс несімен танымал?Navai - HammAli & Navai дуэті арқылы танымал болған әзербайжан текті ресейлік рэпер және әнші. Оның танымал жеке әндерінің қатарында "Пустите меня на танцпол", "Прятки" және "Девочка-война" бар.
Музыкант сонымен қатар қазақстандық орындаушылармен, соның ішінде Jah Khalib-пен бірлесе жұмыс істеген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу