Назарбаев дәуірінде Конституция “черновикке” айналып кеткен еді депутат

10.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Президент бүгінгі Үкімет отырысында Конституцияның қалыптасуында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ата заңға соңғы 30 жылда енгізілген өзгерістерге қатысты пікір білдіріп, экс-президенттің саяси мұрасы мен конституциялық реформалардың қоғам үшін мәні туралы көзқарасын ортаға салды.

Депутаттың айтуынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа халық өз бағасын беріп қойған. 

– Қазақ елінің 30 жылдық жаңа тарихын жасаған мемлекет басшысының аты әрине, қалай болғанда да, тарихта қалады. Ал ол тарих ел үшін жақсы болды ма, әлде керісінше ме - ол бөлек әңгіме. Негізі, ондай тұлғаның бағасы тарихта пән ретінде емес, соңында қалдырған еңбегін халықтың зердесі, жады арқылы берілсе керек. Ал Назарбаев мырзаға қатысты зерде зәру екенін көріп жүрміз. Халқының ортасына қошаметпен шақырылып,  елдік мерекелер мен той-томалаққа емін-еркін бара алмайтынын адамға қатысты қандай оңған зерде болуы мүмкін, – дейді ол. 

Депутаттың сөзінше, “тарихты жеңімпаздар жазса, ал экс-президенттің Астана қаласының қүрылысынан басқа қырып тастаған жеңімпаздық мұрасы тапшы. 

– Сондықтан, Назарбаевқа халық өзінің тарихи бағасын беріп қойды деуге болады. Ал оның ресми үлгідегі бағасын елдің ендігі ұрпағы люстрация саясатын жүргізген соң береді деп ойлаймын.

Ал 1995 жылғы конституциядан кейін елде “жеке басқа табыну” саясаты қалыптасқанын ескеретін болсақ, Назарбаев халықтық мүддені күйттеген Атазаң жасады деп айта алмаймын, – деген пікірімен бөлісті мәжілісмен.

Оның сөзіне сүйенсек, 2000-жылдардан кейін парламент арқылы өзгерістер енгізу үрдісі қалыптасқан соң, Н.Назарбаев билік еткен уақытта Конституция “черновикке” айналып кетті.
– Бүгінгі тоқаевтық дәуірдің бір құндылығы - Конституцияға енгізілетін өзгеріс тек жалпыхалықтық референдум арқылы жасалады! Кезінде америкалық алаяқ бизнесмен Мирчев пен оның саясат технологтары Назарбаевтың төңірегі берген тапсырыспен жасалған “Суперхан” жобасы жүзеге асқан жағдайда, біз бүгін “Қазақ қағанаты” деген елде өмір сүріп жатқан болар едік, – деп сөзін түйіндеді Ермұрат Бапи.  

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью