Назарбаев резиденциясы туралы қауесет: Дубайда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты елшіліктің соңғы ақпараты жарияланды

03.03.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Әлеуметтік желіде «Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда қиын жағдайда қалған қазақстандықтарды өз резиденциясына паналатуға дайын» деген хабар тарады. Бірақ бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ. Ал ресми органдар Дубайда және жалпы өңірде қалып қойған азаматтарды елге кезең-кезеңімен қайтару тетіктерін нақтылап жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Threads-та Traveldatkz парақшасынан басталған «шұғыл» жазба көптің назарын аударып, пікір айтушы жұрт екіге жарылды. Бірі бөлігі «бұл рас болса нағыз азаматтық» деп, енді бірі «мұндайға сене қою қиын» деген сарында пікірлерін айтты. Қазіргі таңда Назарбаев тарапынан да, ресми құрылымдар тарапынан да резиденция туралы нақты түсініктеме жарияланған жоқ.

Ал Дубайда қалып қойған азаматтарға қатысты нақты дерек – елшілік хабарламаларында. Қазақстанның БАӘ-дегі дипломатиялық өкілдігі өңірдегі ахуалдың ушығуына және әуе кеңістігінің жабылуына байланысты алдағы күндері қазақстандық әуе компанияларының Таяу Шығыс бағытындағы рейстері тоқтатылғанын ескертті. Сондай-ақ азаматтарға рейс жаңартуларын әуе компаниясынан тұрақты тексеріп отыруды, қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды.

Елшілік Дубай мен өзге әмірліктерде мәжбүрлі түрде қалып қойған азаматтар үшін арнайы WhatsApp топтары құрылғанын да хабарлады. Шұғыл жағдайда Абу-Дабидегі елшіліктің жедел байланыс нөмірлері ретінде +971 50 508 5226 және +971 2 449 8778 көрсетілген.

Әуе компаниялары да жағдайды жариялап отыр. Air Astana 2026 жылғы 1 наурыздағы мәлімдемесінде Дубайда 330 жолаушы әуекомпания есебінен қонақүйге уақытша орналастырылғанын, форс-мажорға қарамастан бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі қарастырылғанын айтты.

Бұған қоса, Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі елге қайтару үшін арнайы екі эвакуациялық рейсті дайындап жатқанын мәлімдеген: бағыт — Маскат (Оман) – Алматы. Тізімге енгізуде орын саны шектеулі екені, алдымен 2026 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығына билет алып, бірақ әуе кеңістігі жабылғандықтан ұша алмаған азаматтарға басымдық берілетіні айтылды. Сондай-ақ кей санаттарға (жалғыз жүрген зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер, 5 жасқа дейінгі баласы барлар) приоритет қарастырылған.

Көлік саласына жауапты құрылымдар да нақты сандарды келтіріп отыр: Қазақстанның Көлік министрлігі жанындағы жедел штаб 2026 жылғы 28 ақпанға жоспарланған 14 рейс, 1 наурызға жоспарланған 12 рейс тоқтатылғанын хабарлады. Жолаушыларға тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталықтар арқылы ақпарат алуға болатыны көрсетілген.

Жалпы Дубайдағы әуе қатынасы да біртіндеп қалпына келіп жатыр: халықаралық ақпарат көздері 2026 жылғы 2 наурыз кешінен бастап DXB және DWC әуежайларында шектеулі рейстер қайта жандана бастағанын жазды, бірақ толық қалыпқа келу бірден болмайтынын ескертеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью