Назарбаевтың алдына дейін бардық : Белгілі саясаттанушы ел естімеген жайтты ашып айтты

10.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім YouTube желісіндегі Qazaq Airan жобасына сұхбат беріп, Қазақстан тарихындағы маңызды кезең туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Атом қаруын беріп, біз ұтылдық. 1992 жылы, ұмытпасам, осы қаруды беру бойынша қарсы болдық. Біз соғысып жатқан ел емеспіз. Бірақ та сол қару бар кезде бізбен әлем санасатын еді. Мен сізге айтайын, біздің елге келмеген басшы жоқ. Англияның басшысынан бастап... Бізбен сәлемдесетін еді, себебі сол кезде ядролық қару бойынша біз үшінші немесе төртінші орында едік. 

Біз ядролық қаруды бердік. "Бекер бердік, соны берудің қажеті жоқ еді" деп Назарбаевтың алдына дейін бардық. Осы көзқарастан мен әлі күнге дейін таңған жоқпын. Әрине, біз барлық ядролық шахталарымызды ұстап тұруға мүмкіндігіміз жоқ шығар. Кем дегенде 20-30-ын қалдырсақ, өзімізді қорғауға кепіл болар еді. 

Назарбаев сол кезде "біз бейбіт елміз" деді. Біреулер "сол арқылы ол атақ немесе Нобель алғысы келетін шығар" деді. Мен аса сене қоймаймын. Барлық шахтаны бір-ақ күнде бере салу – өзіміз тыр жалаңаш қалғанмен бірдей", – деді Дос Көшім. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью