Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
15 жылдық мерейтойы аясында Nazarbayev University докторантураға қабылдау көлемін едәуір арттырмақ. Университет PhD бағдарламаларына 200 толық грант ұсынып, ғылыми кадрлар даярлауды жаңа деңгейге шығаруды көздеп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Фото: nazarbayevfund.kz
Nazarbayev University докторантураны қолдау бағдарламаларын кеңейтеді. Университеттің 15 жылдығына орай PhD бағдарламаларына 200 толық грант бөлінеді. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда шамамен екі есе көп. Қосымша қаржыландыруды университеттің өзі және NU Impact Foundation әлеуметтік даму қоры қамтамасыз етеді.
Университет президенті, профессор Вакар Ахмадтың айтуынша, NU докторантура түлектерін сапалы даярлауымен халықаралық деңгейде бедел жинаған.
«Бізде әлемдік деңгейдегі профессорлық-оқытушылар құрамы мен заманауи зерттеу инфрақұрылымы бар. Осы мүмкіндіктер талантты әрі талапты жастардың академиялық әлеуетін толық ашуына жол ашады. PhD гранттарының екі есе артуы – еліміз бен өңір үшін өзекті ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулерді дамытуға деген берік ұстанымымыздың көрінісі», деді ол.
Қосымша гранттар докторантураның барлық бағыттарына бөлінеді. Әсіресе физика, компьютерлік ғылымдар, инженерия және медицина салаларына басымдық беріледі.
Доктор Луис Р. Рохас-Солорсано университеттің алдағы мақсатын да атап өтті.
«Біз NU қабырғасында 1000-нан астам докторант пен кәсіби докторлық бағдарламалар тыңдаушылары білім алғанын қалаймыз. Сол үшін алдағы жылдары докторантураға қабылдауды ұлғайтып, жаңа академиялық құрылым – Докторантура институтын құруды жоспарлап отырмыз», деді ол.
Айта кетейік, Nazarbayev University жас университеттердің жаһандық рейтингінде 106-орында тұр. Сонымен қатар Times Higher Education беделді халықаралық рейтингі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы №1 ғылыми-зерттеу университеті атанып, әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының топ 23 пайызына енген.
Соңғы жаңалықтар
Президент: Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды
Президент • Бүгін, 15:20
Шымкентте 4000-нан астам жалған «MacCoffee» тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 15:13
Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 15:00
Ел құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 лицензия жеңіп алды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:50
Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны қаупі сейілді ме?
Оқиға • Бүгін, 14:42
32-қабаттан Каспий көрінеді: Атырауда зәулім «Ақ-Жайық» кешені салынады
Құрылыс • Бүгін, 14:40
Тоқаев: БҰҰ әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек
Президент • Бүгін, 14:35
Qazaq Air-дің 51% акциясы 1 млрд теңгеге сатылды
Экономика • Бүгін, 14:32
Президент орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды
Президент • Бүгін, 14:29
Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды
Президент • Бүгін, 14:12
Тәуелсіздік күніне тарту: Gemini енді қазақ тілінде қолжетімді
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:01
Мектеп мәзіріне жылқы еті енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 13:47
Алматыда әскерге шақырылатындарды жинау орны ашылды
Қоғам • Бүгін, 13:10
Биыл су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты
Қаржы • Бүгін, 13:01