Назгүл Баймұхамедқызы: Конституция жобасы әділетті қоғам қалыптастыруға арналған маңызды құжат

01.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқындалуы Қазақстанның құқықтық және демократиялық дамуына серпін береді. Құжатта халықаралық стандарттардың ескерілуі, цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғауға басымдық берілуі азаматтардың еркіндігін күшейтіп, мемлекетке деген сенімді арттыруға бағытталған. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы Назгүл Баймұхамедқызы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты құндылығы ретінде көрсетілуі – Қазақстанның дамуы үшін маңызды қадам деп ойлаймын. Бұл мемлекеттің әрбір азаматтың қадір-қасиеті мен еркіндігін қорғауға ерекше мән беретінін білдіреді», дейді ол. 

Назгүл Баймұхамедқызы жобаға халықаралық адам құқықтары жөніндегі нормалардың енгізілуі Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын нығайтатынын атап өтті.

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау нормасы бекітілді

«Азаматтардың жеке, әлеуметтік және саяси құқықтарының кеңеюі қоғамда әділдік пен теңдікті арттыруға көмектеседі. Өмір сүру құқығын қорғау, жеке деректердің қауіпсіздігі, «Миранда ережесінің» енгізілуі және цифрлық қауіпсіздікке көңіл бөлінуі қазіргі заман талабына сай келеді. Бұл азаматтардың құқықтарының жақсырақ қорғалуына және мемлекетке деген сенімнің артуына ықпал етеді», деп жазды ол.

Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, неке институтының тең құқықты одақ ретінде танылуы және білім беру жүйесінің зайырлы болуы қоғамдағы тұрақтылық пен адамгершілік құндылықтарды сақтауға бағытталған.

Ата заңның жаңа жобасы таныстырылды

«Қорытындылай айтқанда, бұл Конституция жобасы – азаматтардың құқықтарын қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға және елдің болашағын нығайтуға арналған маңызды құжат деп есептеймін», дейді аға оқытушы. 
Конституциялық реформа аясындағы перспективалар

Соңғы жаңалықтар

Назгүл Баймұхамедқызы: Конституция жобасы әділетті қоғам қалыптастыруға арналған маңызды құжат

Ата заң • Бүгін, 10:58

Синоптиктер ескерту жариялады: Еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 10:32

Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді

Оқиға • Бүгін, 10:18

1 ақпандағы валюта бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:49

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Астанада дәмханадан өрт шықты

Оқиға • Бүгін, 09:11

Конституциялық реформа аясындағы перспективалар

Қоғам • Кеше

«Figure AI» бүкіл денені басқаратын робот миын таныстырды

Ғылым • Кеше

Шалғайдағы 504 ауыл интернетке қосылды

Аймақтар • Кеше

Адами капитал – мемлекеттің басты байлығы: AMANAT фракциясы Жаңа Конституция жобасын талқылады

Ата заң • Кеше

Бірқатар тауар кедендік баж салығынан уақытша босатылды

Экономика • Кеше

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Қазақстан жерін шетелдіктерге сату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Оқиға • Кеше

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Президент • Кеше

ТЖМ ескертеді: Таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью