Назым Қызайбай әлем Кубогының екінші кезеңінде есесін қайтарды

18.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдықты қолға алып, шеберлік жағынан әлдеқайда басым екендігін дәлелдеді. Қорытынды есеп 4:1.

2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жолықты. Отандасымыз жекпе-жек барысында қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті.

Ерлер бәсекесінде Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалды. 65 келіде өнер көрсететін боксшымыз екінші айналымда Англиядан барған Патрис Мугалзаиден 0:5 есебімен ұтылды.

Ертеңгі жарыс күнінде сегіз боксшымыз шаршы алаңға шығады.

19 маусым 

Күндізгі сессия. Қазақстан уақытымен 09:00. 

60 келі. 1/4 финал
Виктория Графеева - Иеонжи Ох (Оңтүстік Корея)

70 келі. 1/4 финал
Лаура Есенкелді - Ян Лю (Қытай)

50 келі. 1/4 финал 

Санжар Тәшкенбай - Анваржан Ходжиев (Қырғызстан)

70 келі. 1/4 финал. 
Абылайхан Жүсіпов - Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
75 келі. 1/4 финал
Тимур Нұрсейітов - Рами Киван (Болгария)

Кешкі сессия. Қазақстан уақытымен 15:30

51 келі. 1/4 финал
Алуа Балқыбекова - Минакши (Үндістан)

65 келі. 1/4 финал
Аида Әбікеева - Марие Росендо (АҚШ)

+90 келі. 1/4 финал
Айбек Оралбай - Мэтью Уильямс (Англия)

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью