Назым Қызайбай Бразилияда жаңа салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді

11.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

– Бразилияда өтетін жарыста Назым 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Алда бірнеше жекпе-жек өткізуіміз керек. Азия ойындарының алдында барлығын саралап, тексереміз. Оның қалай бокстасатынын көріп, содан кейін түпкілікті шешім қабылдаймыз, – деді бас бапкер.

Назым Қызайбай өзінің негізгі атақтарының барлығын 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіп алған. Оның еншісінде әлем чемпионатының үш алтын медалі, сондай-ақ 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатындағы күміс жүлде бар.

Ал 2024 жылы Париж Олимпиадасында ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған.

Қазіргі таңда Қазақстанның ең атақты боксшы қыздарының бірі ұлттық құрамамен бірге Бразилияда оқу-жаттығу жиынында жүр.

World Boxing Әлем кубогы да осы айдың соңында дәл сол жерде өтеді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай референдумда азаматтық ұстанымын білдіріп, дауыс бергенін жаздық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью