NBC TV қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

07.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «NBC TV» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: disk.yandex.ru

Тергеу материалдарына сәйкес, 2025 жылы күдікті интернеттегі «www.nbcms.com» платформасы мен WhatsApp мессенджері арқылы азаматтарды тартып, өзін инвестициялық онлайн-жоба ретінде көрсеткен қаржы пирамидасын ұйымдастырған.

Аталған жобаға қатысушылар арнайы чаттар арқылы біріктірілген. Атап айтқанда, «Дискуссионная группа NBC Charlotte», «NBCUniversal Media LLC» және басқа да топтарда 200-ден астам адам болған. Қатысушыларға қысқа бейнероликтерді – фильм трейлерлерін көру арқылы табыс табуға болады деген желеумен инвестиция салу ұсынылған. 

Жобаға қатысу үшін азаматтардан 11 000-нан 160 000 теңгеге дейін инвестициялық пакет сатып алу талап етілген. Ұйымдастырушылар қатысушыларға тәулігіне 5-10% дейін (айына 150%-дан астам) табыс уәде еткен. Алайда бұл төлемдер тек жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүзеге асқан.

Сонымен қатар жүйеде рефералдық схема қолданылған. Яғни, тартылған әрбір жаңа қатысушы үшін 10%-ға дейін сыйақы беріліп, екінші және үшінші деңгейдегі қатысушыларға қосымша бонус қарастырылған. Мұндай модель пирамида құрылымын одан әрі кеңейтуге бағытталған.

Абай облысында 6,8 млрд теңге тартқан қаржы пирамидасы әшкереленді

Ұйымдастырушылар заңды қызмет жүргізіп жатқандай көрініс қалыптастыру үшін әлеуметтік желілерде белсенді жарнама жүргізген. Олар жалған құжаттар жариялап, жасанды табыс көрсеткіштерін көрсеткен, блогерлерді тартқан және түрлі тақырыптық чаттар ашқан.

Қаржы айналымы да ерекше схема арқылы жүзеге асқан. Салымдар жеке тұлғалардың шоттарына қабылданып, кейін Р2Р операциялары арқылы криптовалютаға айырбасталып, анонимді әмияндарға жіберілген. Бұл қаржының ізін жасыруға бағытталған әрекет болған.

Сот санкциясымен күдікті активтерге шектеу қойылған. Нақты айтқанда, 1 057 599 USDT (Tether) көлеміндегі криптовалютаға тыйым салынды, бұл шамамен 528,5 млн теңгеге тең.

Қаржы пирамидасы 59 азаматты алдап соққан

Күдіктіге қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қазіргі уақытта іс сот қарауына жіберілді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қаржы құралдарына сақ болуға шақырып, инвестиция жасамас бұрын жобаның ресми тіркелуін, заңды мәртебесін және қажетті лицензиялардың бар-жоғын мұқият тексеруді ұсынады. Сондай-ақ уәде етілетін табыстың шынайылығына күмәнмен қарау қажеттігін ескертеді.

10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды

Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды

Бокс • Бүгін, 17:09

Елімізде мұғалімдердің табысы 4,1%-ға төмендеген

Білім • Бүгін, 17:08

Жолаушылар назарына: 15 сәуірден бастап елорда әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді

Қоғам • Бүгін, 16:51

Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандар өздерін ақтауды талап етті

Оқиға • Бүгін, 16:42

Еліміз әлеуметтік қолдау бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр

Қазақстан • Бүгін, 16:26

Қазақстан әлемдік білім беру рейтингінде 18-орында тұр

Қазақстан • Бүгін, 16:01

Балқаш көлі жағалауындағы жер учаскелері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылады

Аймақтар • Бүгін, 15:58

Иранның жоғарғы көшбасшысы ауыр халде жатыр

Әлем • Бүгін, 15:45

Алматы облысында туристік нысандардың 80%-ы шомылу маусымына дайын

Аймақтар • Бүгін, 15:38

Алматыда әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалып кеткен жалғыз ұлының мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 15:29

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ауа райы • Бүгін, 15:12

Төтенше жағдайға дайындық: Жертөлелер мен паркингтер паналау орындарына айналады

Қоғам • Бүгін, 14:57

Павлодарда экологиялық талаптарды бұзған 8 әкім жауапкершілікке тартылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39

Ұлттық банк әлемдік футбол додасына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Банк • Бүгін, 14:17

«Наурыз» бағдарламасы бойынша 16 мың салымшы іріктеуден өтті

Қоғам • Бүгін, 13:55

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью