Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Форумның жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Түркия, Қырғызстан және басқа да елдердің өкілдері қатысуда. Созылмалы бүйрек ауруы — денсаулық сақтау саласындағы жаһандық сын-қатер Созылмалы бүйрек ауруы (СБА) денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті проблемалардың бірі болып қала беруде. Сараптамалық бағалауларға сәйкес әлемде әрбір оныншы адам осы дертке шалдыққан. СБА жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін айтарлықтай арттырады, өмір сапасын төмендетеді және терминалдық бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда диализ немесе бүйрек трансплантациясы өмір үшін аса қажет.
— Қазақстандағы жағдай: мыңдаған пациент емдеуді қажет етеді Қазіргі уақытта Қазақстанда СБА-ның әртүрлі сатысымен шамамен 26 900 пациент анықталған. Ересек халықтың арасында аурудың таралуы 13%-дан асады (2,5 миллионнан астам адам). 14 000-нан астам пациент гемодиализ алады (158 амбулаториялық диализ орталығы жұмыс істейді), ал 2 500-ден астам адам бүйректі трансплантаттауынан кейін өмір сүреді, — делінген хабарламада.
Қоршаған ортаның қазіргі өзгерістері сырқаттанушылықтың артуына қосымша әсер етуде. Ауа ластануы, жылу стресі, сусыздану және экстремалды ауа райы жағдайлары СБА-ның дамуы мен үдеуіне ықпал етеді. Конгрестің негізгі міндеттерінің бірі — мамандардың арасында тәжірибе алмасу, профилактикалық шараларды дамыту, диагностика мен емдеу әдістерін жетілдіру, сондай-ақ жаңа технологиялар мен медициналық шешімдерді енгізу. Іс-шара шеңберінде Түркі тілдес елдер нефрологтарының Жоғары сараптамалық кеңесі құрылып, оның құрамына профессор С. К. Туғанбекова сайланды.
— ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс нефрологы құттықтау сөз сөйлеп, елдердің арасындағы кәсіби өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті, — деп жазды ведомстводан.
Конгресс қорытындысы бойынша созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттерді диагностикалау және емдеу тәсілдерін жаңарту, сондай-ақ Қазақстандағы нефрологиялық қызметті одан әрі дамыту жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бүйрек аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің сапасын арттыру және заманауи халықаралық практикаларды енгізу жұмыстарын жалғастырады.
Бұған дейін Қазақстанда 4,6 мыңнан астам адам ағза трансплантациясын күтіп жүргенін жаздық.