Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Егер елдің тұрмысы түзелмесе, табысы артпаса, баға құрықталмаса, қандай макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізсек те оны нақты жетістік деп есептей алмаймыз.
Сурет: digitalbusiness.kz
Ендігі бағалау жүйесі қарапайым әрі әділ болуы керек. Халықтың әл-ауқаты артса, демек нәтиже бар, өспесе, жұмыс жеткіліксіз деген сөз. Осы ұстанымды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте анық жеткізді. Президент 2025 жылғы экономикалық жұмыстың қорытындысын бағалай отырып, декларативті оптимизмнен бас тартып, нақты нәтижеге басымдық берді. «Өсу бар, бірақ сапа жеткіліксіз» деген негізгі тезис – Үкіметке берілген ең маңызды сигнал.
Экономика белгілі бір инерциямен дамып келеді. Бірақ бұл даму халықтың күнделікті өмірінде сезілмесе, оның саяси да, әлеуметтік те салмағы азаяды. Жалпы өсім, инвестиция көлемі немесе жекелеген салалардағы көрсеткіштер азаматтардың нақты табысына айналмаған жағдайда мұндай жетістіктер шартты ғана сипатта болады.
Президенттің сөзінде инфляция мәселесі ерекше орын алды. Бағаның өсуі жай статистика емес. Бұл – әр отбасының азық-түлік себеті, коммуналдық төлемі, күнделікті шығыны. Сондықтан инфляциямен күресті тек Ұлттық банкке артып қоюға болмайды. Бұған Үкімет тікелей жауапты. Бағаның өсуіне әсер ететін әкімшілік кедергілер, логистикадағы әлсіздік, делдалдардың шамадан тыс үлесі, монополиялық факторлар, импортқа тәуелділік – барлығы кешенді түрде шешілуге тиіс. Әсіресе азық-түлік пен базалық қызметтер нарығында ашықтық пен әділ бәсеке қамтамасыз етілуі қажет.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы әлеуметтік төлемдерді механикалық түрде көбейту ұзақмерзімді шешім емес екенін де меңзеді. Егер жалақы мен жәрдемақы өнімділікпен, нақты экономикамен байланыспаса, ол инфляцияны ғана күшейтеді. Нәтижесінде, халықтың номиналды табысы өссе де нақты сатып алу қабілеті төмендейді.
Президент өңірлік теңсіздік мәселесіне де ерекше назар аударды. Экономикалық өсімнің пайдасы барлық аймаққа бірдей жетіп отырған жоқ. Кейбір өңірлерде инфляцияның салдары әлдеқайда ауыр сезіледі. Сондықтан орталық пен жергілікті биліктің жауапкершілігі күшейтілуге тиіс. Алдағы уақытта әкімдердің жұмысын бағалауда макроцифрлардан гөрі тұрғындардың өмір сапасындағы нақты өзгерістер шешуші фактор болуы қажет.
Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының Үкіметтің 2025 жылғы жұмысына берген бағасы теңгерімді болды. Мұнда дағдарысқа негізделген риторика жоқ, бірақ жауапкершілікті күшейтетін салқын прагматизм бар. Ендігі басты сұрақ – осы тапсырмалар қағаз жүзінде қалмай, нақты өмірде іске аса ма? Баға тұрақтала ма, табыс өсе ме, адамдар өз болашағына сеніммен қарай ала ма? Үкіметтің шынайы тиімділігі дәл осы арқылы өлшенеді. Халық тоқ болса ғана, Үкіметтің жұмысы оңды деп бағаланады.
«Жаңа Салық кодексі тиімді ме?» деген сұрақты былтыр көп қойдық. Ашық айтайық, ол кезде қоғамда да, бизнесте де алаңдаушылық болды. Әртүрлі болжам айтылды, тіпті «кәсіпке ауыр соққы болады» деген пікірлер де жиі естілді. Бірақ бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін бұл мәселеге сәл басқаша қарауға негіз бар.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа салық режімі іске қосылғалы бері 180 мыңнан астам жаңа салық төлеуші заң аясында жұмыс істей бастағанын атап өтті. Бұл – өте нақты көрсеткіш. Яғни көлеңкеде жүрген бизнес пен азаматтар біртіндеп заңды алаңға шығып жатыр. Меніңше, бұл жаман нәтиже емес, керісінше, жүйенің жұмыс істей бастағанын көрсетеді. Үкіметтің есебіне сәйкес, биыл бюджетке қосымша 4,4 трлн теңге түсуге тиіс. Бұл – құрғақ цифр емес. Бұл – жөнделетін жолдар, салынатын мектептер мен ауруханалар, өңірлердегі инфрақұрылым. Ең бастысы, бұл қаражат халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы керек.
Айбар ОЛЖАЕВ,
сарапшы
Соңғы жаңалықтар
Педагогтер халықаралық жарыста топ жарды
Білім • Бүгін, 23:42
Жүйелі де сапалы шаралар керек
Пікір • Бүгін, 08:10
Ата заң жобасы: бірнеше бап нақтыланды
Саясат • Бүгін, 08:05
Ел мүддесін қорғау үшін түбегейлі жаңару мен экономиканы нығайту маңызды
Саясат • Бүгін, 08:00
Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды
Елорда • Бүгін, 00:06
Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрін құттықтады
Президент • Кеше
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
Президент • Кеше
«Таза Қазақстан» • Кеше
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды
Күрес • Кеше
Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды
Олимпиада • Кеше
Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты
Оқиға • Кеше
Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Кеше
Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығына арналған кеш өтті
Аймақтар • Кеше