Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қытай көліктерін еуропалық брендтермен салыстыру жиілеп кетті. Бірі оларды Porsche-ге ұқсатса, енді бірі BMW немесе Audi-ге ұқсатады. Мұндай әңгімелер әсіресе жаңа электркарларға қатысты жиі айтылады. Tengri Auto бұл кездейсоқтық па, әлде ұқсастық артында нақты адамдар тұр ма, соны анықтап көрді.
Қытай көліктерін еуропалық брендтермен салыстыру жиілеп кетті. Бірі оларды Porsche-ге ұқсатса, енді бірі BMW немесе Audi-ге ұқсатады. Мұндай әңгімелер әсіресе жаңа электркарларға қатысты жиі айтылады. Tengri Auto бұл кездейсоқтық па, әлде ұқсастық артында нақты адамдар тұр ма, соны анықтап көрді.
ZeekrZeekr дизайнына Стефан Зилафф жетекшілік етеді, ал оның мансабы кез келген автомобиль дизайнерінің арманы іспетті. Ол көп жылдар бойы Audi-де, кейін Bentley-де еңбек еткен. Зилафф "премиум интерьер" деп аталатын бағытта жұмыс істеген - бұл көлікке отырғанда бағасына қарамай-ақ, оның қымбат екенін бірден сезу деген сөз.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Дәл осы қолтаңба Zeekr-ден анық байқалады: айқын сызықтар, байсалды эстетика және ешқандай артық агрессия жоқ. Қымбат визуал - бұл неміс премиум мектебінің үлгісі.
Li AutoLi Auto брендімен шығатын көліктердің сыртқы келбетіне Volkswagen Group-тан келген Бенджамин Баум жауапты. Егер Li Auto-ның неге соншалықты... байсалды әрі түсінікті көрінетініне таңғалсаңыз, міне, жауабы осы.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Volkswagen ондаған жылдар бойы отбасылық автомобиль формуласын жетілдіріп келеді: артық ештеңе жоқ, бәрі өз орнында, агрессия және әдеттен тыс ештеңе жоқ.
Баум бұл формуланы Қытайға әкелді және ол мұнда сәтті орнықты. Li Auto саудасына қарасақ, отбасылы сатып алушылар мұны жоғары бағалаған көрінеді.
XiaomiБұл жерде оқиға тіптен қызық. Xiaomi SU7 дизайны Ли Тяньюань (экс-BMW) мен Фабиан Шмёльцтің ( экс-Lamborghini) қатысуымен жасалған. Екі түрлі бағыттағы мамандар - немістің инженерлік талғампаздығы мен италиялық мінез тоғысты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Нәтижесін бәрі көріп отыр: SU7-ні үнемі Porsche-мен салыстырады. Бұл жай сәйкестік емес. Ұқсас пропорциялар, таныс силуэт, "таза" спорттық стиль - бұл көшірме емес, бұл білімі мен тәжірибесі бірдей адамдардың ортақ тілі.
ChanganКлаус Зициора - Volkswagen-нің бұрынғы бас дизайнері, қазір Changan-да дизайн бөлімін басқарады. Golf, Passat және ID желісіндегі электромобильдер сияқты дәуірдің танымал модельдеріне атсалысқан адам енді қытайлық көліктерді "сызып" жүр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Оның қолтаңбасын тану оңай: қатаң геометрия, шанақтың айқын сызықтары, ешқандай декоративті артықшылық жоқ. Таза неміс мектебі - тек капотындағы эмблемасы басқа.
GeelyКезінде Volvo-ның визуалды тілін түбегейлі жаңартқан дизайнер Питер Хорбериді бөлек атап өткен жөн. Geely құрылымына келген ол брендтің заманауи стилін қалыптастыруға көмектесті.
Оның ықпалы әлі күнге дейін Geely экожүйесіндегі көліктердің, соның ішінде әртүрлі атаулармен сатылатын модельдердің сыртқы келбетінен сезіледі.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться