Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, тұрғындар түбіртегіндегі сомманың көбеюі сыртқы ауаның орташа температурасына тікелей байланысты. Ауа температурасы төмендеген сайын тұрғын үйлерде нормативтік температураны сақтау үшін көбірек жылу энергиясы қажет. Сәйкесінше, төлем мөлшері де көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәселен, 2025 жылдың қарашасында орташа ауа температурасы – 0,36 °C, желтоқсанда – -8,1 °C, қаңтарда – -14,3 °C болған.
«Осылайша, жылумен жабдықтау тарифі көтерілген жоқ. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылу тұтыну көлемі объективті түрде артты, бұл өз кезегінде түпкілікті құнынан әсер етті. Азаматтық кодекстің 488-бабына және «Жылу энергетикасы туралы» заңға сәйкес, төлем нақты тұтынылған энергия көлемі үшін жүргізіледі», делінген «Астана-Теплотранзит» АҚ таратқан хабарламада.
Кәсіпорын мәліметінше, жылу энергиясының құны мына факторларға байланысты есептеледі:
Ауа райы жағдайлары (сыртқы ауаның орташа айлық температурасы); Жылу энергиясын есепке алу құралының болуы және жарамдылығы; Есептеу әдісі (есепке алу құралы бойынша немесе есептік әдіспен); Ыстық су есептегіштерінің көрсеткіштерін уақытылы тапсыру; Жылу энергиясын тұтыну көлемі.Бірыңғай төлем құжаты бойынша төлем айдың 25-іне дейін жүргізілу қажет. Бұл күннен кейін түскен төлемдер келесі есептік кезеңде ескеріледі.
Айта кетейік, осы айда көптеген ел азаматтары коммуналдық төлем сомасы әдеттігеден көп екенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған.
Түркістан облысында тариф бағасын негізсіз көтерген мекемелер анықталды
Соңғы жаңалықтар
Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Аймақтар • Бүгін, 16:54
«Air Astana» Алматыдан Бакуге рейстер санын арттырады
Қоғам • Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Медицина • Бүгін, 16:32
MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:28
Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:22
Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:10
ЕҰУ академиялық қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 16:04
Сарапшылар: Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік жүйенің орнықтылығын арттырады
Ата заң • Бүгін, 15:55
Жамбыл облысында автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:48
Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?
Оқиға • Бүгін, 15:32
Қостанайдағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Қоғам • Бүгін, 15:23
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 15:00
13 ақпанға дейін жол жабық: Қай өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылды?
Ауа райы • Бүгін, 14:53
Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:32
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 14:13