Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Мемлекетіміз балаларға алғашқы деңгейде кешенді медициналық көмек көрсетуді дамытуға күш салып отыр. Соның бір дәлелі, былтыр шілде айынан бастап Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының 80%-ында педиатриялық бөлімшелер құрылды.
Былтыр қыркүйек айында Алматыдағы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жаңа туған нәрестелерді күтіп-баптайтын заманауи неонатология бөлімшесі ашылған еді. Өйткені кейбір сәбилер ауыр жағдайда дүниеге келеді де, шыр етіп туған сәттен бастап жансақтау бөліміне түседі. Айталық, бір жылда осы орталықта 235 нәресте емделсе, олардың 52-сіне туабітті даму кемістігіне байланысты шұғыл операция жасауға тура келген. Кішкентай пациенттердің көбейе түсуі бөлімше мүмкіндіктерін кеңейте отырып, озық технологиялармен жабдықталған жаңа орын ашуды талап етеді. Сол тұрғыда орталық базасында жаңа туған нәрестелерді жансақтау жағдайында күтіп-баптауға арналған мамандандырылған бөлімше жасақтау кезек күттірмейтін мәселенің біріне айналды.
Жақында орталық директоры Әлібек Смағұлов өткен жылы атқарылған жұмысқа есеп бере келіп, жаңадан ашылған неонатология бөлімшесінің жай-жапсары жөнінде де жан-жақты баяндады. Бөлімше бір мезетте 16 сәбиге көмек көрсете алады. Жедел түрде жеткізілген нәрестелерге жансақтаудан кейінгі қарқынды ем-домға қоса, ерте оңалту қызметі жүргізіледі. Бөлімше ашылғалы бері 103 жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ былтырдан бері орталықта жаңа туған шақалақтан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды емдейтін 12 орындық оториноларингология, жақ-бет хирургиясы бөлімшесі тәулік бойы қызмет көрсете бастады. Алғашқы бес айда 83 балаға шұғыл, жоспарлы көмек көрсетілді. Мұндай бөлімшелердің ашылуы көрсетілетін медициналық көмектің аясын кеңейтуге серпін беріп отыр.
Былтыр 140,6 мыңнан астам бала медициналық көмек алды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 22,5%-ға көп. Жоспарлы түрде еліміздің әр шалғайынан келген 1500-ден астам кішкентай пациенттерге мамандан-дырылған хирургиялық, консервативті көмек көрсетілді.
Былтыр орталықта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін госпитальдық фармация бөлімшесі де ашылып, халықаралық GPP стандартына сай екендігін растайтын сертификат алды. Жыл қорытындысында орталық ең жоғары аккредитациялық санатқа ие болып, еліміздегі «Үздік балалар стационары» деп танылды.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды
Бокс • Кеше
6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?
Туризм • Кеше
Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты
Әлем • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Оқиға • Кеше
Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды
Әлем • Кеше
Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды
Ата заң • Кеше
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді
Ата заң • Кеше
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Ауа райы • Кеше
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді
Оқиға • Кеше