Непал мен Қытай шекарасында тағы бір қазақстандық жоғалып кетуі мүмкін СІМ

29.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат болған аумақта үшінші қазақстандық турист те болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үсеновтің айтуынша, қазақстандық дипломаттар Непал мен Қытайдың тиісті мемлекеттік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Жоғалған отандастарымызды іздестіру шаралары жалғасуда.

26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында жойқын сел жүрген. Су, лай мен қоқыс араласқан алапат ағын Бхотекоши және Тришули өзендерінің аңғарындағы елді мекендерді басып, үйлерді, жолдар мен көпірлерді қиратып кеткен. Табиғи апат салдарынан жүздеген адам қаза тауып, тағы жүздеген тұрғын хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Бұған дейін Қазақстан СІМ Непалда жоғалғандар арасында қазақстандық азаматтың бар екенін хабарлаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Непалдан Қытайға шекара асқан туристік топтың құрамында болған.

Кейінірек екінші қазақстандықтың да іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Енді СІМ апат аймағында үшінші отандасымыздың болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью