Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Непалда құтқарушылар алапат су тасқынынан кейін тоннельдерде қалып қойған жүздеген адамды іздеп жатыр. Reuters мәліметінше, негізгі құтқару жұмыстары Гималайдағы салынып жатқан бес гидроэлектр станциясында жүргізілуде.

Upper Trishuli гидроэнергетикалық кешеніндегі тоннельдердің бірінде шамамен 350 адам қалып қоюы мүмкін. 30 тамызда құтқарушылар тоннельдердің бірінің кіреберісіне жетіп, оны басып қалған үйінділерді тазалауға кірісті. Екі адам тоннель аузынан шығарылған.

Құтқару жұмыстарына Непалдың 10 мыңға жуық әскери қызметкері, сондай-ақ Қытай мен Үндістаннан келген арнайы мамандар қатысып жатыр. Таулы аймаққа ауыр техника тікұшақтармен жеткізілуде.

26 тамызда Қытай мен Непал шекарасына жақын Гималайда мұздықтың опырылуынан мұз, тас пен лай аралас үлкен тасқын жүрген. Соңғы дерек бойынша табиғи апаттан 780-нен астам адам қаза тауып, 3 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью