Несие беруден бас тартты : Банк қызметкері зейнеткерлердің ақшасын өз шотына аударып отырған

08.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қарағанды облысының Осакаров ауданында бұрынғы банк менеджеріне қатысты алаяқтық фактісі анықталды. Күдікті зейнеткерлердің жеке деректерін пайдаланып, олардың атына несие рәсімдеген деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: azattyq.org

67 жастағы зейнеткер полицияға арызданған. Ол өз атына шамамен 1,5 млн теңге көлемінде несие рәсімделгенін білмей қалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жүргізілген жедел-тергеу шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары 36 жастағы бұрынғы банк менеджерін анықтады. Тергеу мәліметіне сәйкес, жәбірленуші бұған дейін несие рәсімдеу үшін банкке жүгініп, барлық қажетті құжаттарды тапсырған. Осы деректерді пайдаланған күдікті оның атына несие рәсімдеп, алайда әйелге банк несие беруден бас тартқанын айтқан. Ал мақұлданған қаражатты өз шоттарына аударған.

Қостанайда мектеп мұғалімі әріптестерінің атына несие рәсімдеген

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, бұл іске қатысты барлық жәбірленушілер – зейнеткерлер. Қазіргі таңда полицияға осы күдіктінің әрекетіне қатысты тағы 6 арыз түскен. Құқық қорғау органдары қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеуді жалғастырып жатыр. Жалпы шығын көлемі әлі нақтыланады.

«Жұмысқа орналасуға көмектесемін»: Жетісу облысының тұрғыны танысының атына несие рәсімдеген

Бұл оқиға қаржы ұйымдары қызметкерлерінің жауапкершілігі мен азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесінің өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті. Мамандар азаматтарға құжаттарын бөгде адамдарға сеніп тапсырмауға және қаржылық операциялар кезінде барынша сақ болуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар

Қытайда ЕҰУ стандарттарына негізделген жаңа институт ашылды

Білім • Бүгін, 16:57

Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?

Қоғам • Бүгін, 16:48

Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды

Қоғам • Бүгін, 16:25

Әзербайжан жағалауында магнитудасы 5,4 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Оқиға • Бүгін, 16:13

Италияға саяхат және қымбат техника: Астанада емхана басшылығы бюджет қаржысын жымқырған

Медицина • Бүгін, 15:59

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы: Ақтөбе облыстық филармониясының хоры Алматыда өнер көрсетті

Мәдениет • Бүгін, 15:47

Астанада 13 елден келген студент ЖИ технологиялардың заң жүйесіне әсерін зерттеді

Білім • Бүгін, 15:34

Жүлде қоры – 1 млн доллар: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино • Бүгін, 15:08

Қайырымдылық қаражатын жымқырған Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс істеп жүр?

Қоғам • Бүгін, 15:05

Олжас Бектенов: Инфляция деңгейін төмендету саясаты жалғасады

Инфляция • Бүгін, 15:02

Мерекеде жұмыс істейтін мәдениет қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу талап етілді

Қоғам • Бүгін, 14:55

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Президент • Бүгін, 14:44

Полиция инвестициялық алаяқтықтың қауіпті схемалары туралы ескертті

Қоғам • Бүгін, 14:40

Астаналықтардың көлік салығы бойынша берешегі 7 миллиард теңгеге жетті

Елорда • Бүгін, 14:31

Биыл елімізде әскери парад өтпейді

Әскер • Бүгін, 14:15

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью