Несиелерді есептен шығарамыз деп уәде берген алаяқтарға сот үкімі шықты

26.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

— Алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді «есептен шығару» қызметін ұсынған. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдеуді ұсынып, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп уәде берген.

Бұл схеманың құрбандары әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар — табысы төмен тұлғалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болған. Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған, — делінген Астана қаласы прокуратурасы хабарламасында.

Алайда берілген уәделер орындалмай, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетелік Президент интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылатынын айтқан еді.  

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью