Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына орай республикалық ақындар мүшәйрасы жарияланды

28.10.2025

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл мүшәйра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі. Мүшәйраның басты мақсаты – өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу.

Мүшәйраның шарты бойынша әр ақын екі туынды ұсынады:

Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).

Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.

Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді. Хатқа қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды, екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.

Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.

Бәйге жүлдесі төмендегідей:

Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000;Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000;Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000;Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000;Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000.

Бұған дейін "Хабар" агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өткені хабарланған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью