Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Getty Images
Израильдің 13tv телеарнасының ақпаратына сәйкес, премьер-министр бұл мәлімдемені АҚШ-қа сапары алдында өткен әскери-саяси кабинет отырысында жасаған. Дереккөздердің хабарлауынша, АҚШ әкімшілігі Израиль күштерін Газа секторынан, сондай-ақ Сирия мен Ливанның бірқатар аумағынан шығаруды талап етіп отыр.
«Мен бұған батыл түрде қарсы тұрамын. Оларға «жоқ» деп айтамын», деді Биньямин Нетаньяху.
Израиль билігі ХАМАС толық қарусыздандырылып, ұйымның әскери инфрақұрылымы жойылмайынша, әскерді шығармайтынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Вашингтон Ливанмен елдің оңтүстігінен Израиль әскерін шығару туралы келіссөздер жүргізген болатын. Алайда аймақты өзіне тиесілі санайтын «Хезболла» ұйымы келісімнен бас тартқан еді.