Нетаньяху мэрдің оны тұтқындау туралы үндеулеріне қарамастан Нью Йоркке барады

30.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке баруды жоспарлап отырғанын растады. Бұған дейін қала мэрі Зохран Мамдани АҚШ-тың федерал билігін оны ұстауға шақырған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен ол жаққа міндетті түрде барамын"

Сұхбат барысында Fox News жүргізуші Шон Хэннити Нетаньяхудан Мамданидің мәлімдемесінен кейін Нью-Йоркке бару ниеті бар-жоғын сұрады.

"Ең алдымен, мен Нью-Йоркке барамын. Мен ол жаққа міндетті түрде барамын", – деп жауап берді Израиль премьер-министрі.

Нетаньяху БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеп, Нью-Йорк мэрінің айыптауларына жауап беруге ниетті екенін мәлімдеді.

Ол Мамданиді "өшпенділік тудыратын" саясаткер деп атап, оны қала тұрғындарын, соның ішінде өз жақтастарын еврей қауымдастығына қарсы айдап салуға тырысты деп айыптады.

"Бұл не, 1930-жылдар ма? Соншама өшпенділік, соншама өтірік", – деді Нетаньяху.

Сондай-ақ ол Халықаралық қылмыстық сотты тағы да сынға алып, оны "сыбайлас жемқорлыққа батқан және зұлым ұйым" деп атады.

Нетаньяхудың айтуынша, оның Нью-Йоркке сапары қыркүйекке, БҰҰ Бас Ассамблеясы өтетін уақытқа жоспарланған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Испанияда танымал зиян әдетке тыйым салынуы мүмкін

Кеше 18:07 1

Нью-Йорк мэрі неге Нетаньяхуды тұтқындауды талап етіп отыр?

Бұған дейін Нью-Йорк мэрі Зохран Мамдани Нетаньяхуды қалада құшақ жая қарсы алмайтынын айтып, оны әскери қылмыскер деп атаған еді.

Мамдани қала билігінің Халықаралық қылмыстық сот ордерін орындау үшін дербес заңды өкілеттігі жоқ екенін мойындады. Сонымен қатар ол АҚШ-тың федерал үкіметін Израиль премьері барған жағдайда оны ұстауға шақырды.

Бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Биньямин Нетаньяху мен сол кездегі Израиль қорғаныс министрі Йоав Галантты тұтқындауға ордер берген болатын.

Нетаньяху аштықты соғыс жүргізу әдісі ретінде пайдаланды, сондай-ақ бейбіт тұрғындарға әдейі шабуыл жасады деген әскери қылмыстар бойынша күдікке ілініп отыр.

Бұдан бөлек, сөз кісі өлтіру, қуғын-сүргін және басқа да адамгершілікке жатпайтын әрекеттерді қамтитын адамзатқа қарсы ықтимал қылмыстар туралы болып отыр. Айыптаулар Израильдің 2023 жылдың қазанынан бері Газа секторындағы әрекеттерімен байланысты.

Израиль айыптауларды жоққа шығарып, Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындамады және соғысты бейбіт халыққа емес, ХАМАС-қа қарсы жүргізіп жатқанын алға тартты. Нетаньяху да әскери қылмыс жасағанын теріске шығарып отыр.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп Нетаньяху Құрама Штаттар аумағында болған кезде ұсталмайтынын мәлімдеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью