Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады

26.04.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Нидерланд Корольдігінен Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ табысталды. Бағалы сыйлықты Holland Bulb Market компаниясының менеджері Марсели Пьехна өңірде екінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалінде салтанатты түрде табыс етті. Биыл ауқымды шара Талас ауданына қарасты Есейхан ауылында өтіп, шамамен 6 мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өз сөзінде бұл бастаманың табиғатқа жанашырлықты, ұлттық құндылықтарға деген құрметті және халықаралық ынтымақтастықты айқын көрсеткенін атап өтті.

– Күн шуағына бөленген қызғалдақ алқабы – тек табиғаттың көркі ғана емес, ол – дала өркениетінің үнсіз шежіресі, ұлттық рухтың тірі айғағы. Осындай игі істер арқылы біз табиғат пен дәстүрді ұштастырып, келер ұрпаққа аманат болар құндылықтарды дәріптеп келеміз. Бұл фестиваль Жамбыл өңірінің туристік әлеуетін әлемге танытуға зор мүмкіндік береді, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жамбыл өңірі – қызғалдақтың отаны. Мұнда қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Аймақ қызғалдақ түрлерінің сан алуандығы бойынша республикада алдыңғы орында.

Жабайы қызғалдақтар қорғауды қажет етеді

Биылғы фестивальдің басты жаңалығы – Нидерланд Корольдігі тарапынан Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ тұқымын тарту етті. Құнды сыйлықты Holland Bulb Market компаниясының менеджері, Нидерланд елінің өкілі Марсели Пьехна салтанатты түрде табыстады.

Фестиваль аясында тау бөктерінде тігілген киіз үйлер мен алтыбақандар ұлттық нақышты айшықтап, қолөнершілер көрмесі шараның көркін аша түсті. Ұлттық спорттың сегіз түрінен өткен жарыстар көрерменге ерекше әсер сыйлап, жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды.

Атырауда қызғалдақ өсіріледі

Қымызмұрындық дәстүрі де жаңғыртылып, мерекенің мазмұнын байыта түсті.

Шара барысында қонақтар Қаратау бөктеріндегі қызғалдақ алқабын тамашалап, ерекше әсерге бөленді.

«Қызғалдақ мұра» фестивалі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен үндесе түсті. Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті мен «Ауыл» партиясының 200-ден астам ерікті фестиваль аумағын қоқыстан тазартты.

Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп журналистерге арналған кешкі астан шұғыл түрде эвакуацияланды

Әлем • Бүгін, 10:53

Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?

Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15

Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы

Қаржы • Бүгін, 09:35

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ауа райы • Бүгін, 09:10

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды

Қоғам • Кеше

Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты

Оқиға • Кеше

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті

Оқиға • Кеше

Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды

Оқиға • Кеше

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады

Оқиға • Кеше

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды

Теннис • Кеше

Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент • Кеше

Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді

Оқиға • Кеше

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью