Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Таратушы компанияның дерегінше, келтірілген шығын бірнеше ондаған мың еуроға бағаланып отыр.
Қарақшылық 21 қаңтарға қараған түні болған. Белгісіз адамдар музей ғимаратына екі есікті бұзып кірген.
— Олар екі есікті де бұзып, бірден көрме залына бет алған, — деді музей басқармасының төрағасы Эрнст Бусвелд.
Экспозиция бейнебақылау және дабыл жүйесімен жабдықталған жеке залда орналасқан. Алайда қаскөйлер дабыл жүйесін істен шығарып, ішке кірген бойда камераларды талқандаған.
Музей басшылығының айтуынша, барлық күміс бұйымдар ұрланған. Қылмыскерлер 14 витринаны сындырып, ішіндегі заттардың барлығын алып кеткен.
— Бұл тек материалдық шығын емес, бұл — тарих пен мәдени мұраның жоғалуы, — деп атап өтті музей өкілдері.
Оқиғадан кейін музей уақытша жабылды.
— Қазір бізде уақытша көрмеде тұрған бірнеше керамикалық экспонат қана қалды. Болғаны осы, — деді Эрнст Бусвелд.
Музей қызметкерлері ұрланған заттарды қайтару іс жүзінде мүмкін емес деп санайды. Соңғы бес жылда күмістің бағасы екі есеге жуық өскен, сондықтан бірегей, баламасы жоқ тарихи бұйымдар балқытылып жіберілуі мүмкін деген қауіп бар.
— Күмісті оңай ерітіп жіберуге болады, оның қайдан шыққанын ешкім білмейді. Ал суретпен жағдай мүлде бөлек, — деді музей басшысы.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары куәгерлерді кез келген ақпаратты хабарлауға шақырды.
Күміс музейі Дусбург қаласында 2021 жылы ашылған. Ол таза күмістен жасалған тұрмыстық бұйымдар мен ас құралдарынан тұратын бірегей тақырыптық коллекциясымен танымал болған. Ұрланған экспонаттар XVIII–XX ғасырларға жататын, әлемнің 25-тен астам елінен жиналған жеке коллекция негізінде музейге қойылған бұйымдар еді.
Айта кетейік, бұған дейін Швейцария музейінен ежелгі алтын монеталар коллекциясы ұрланғанын жазған едік.