Нидерландтан келген салат пен Армениядан жеткізілген гүлдерден қауіпті зиянкес табылды

27.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қауіпті зиянкес Нидерланд Корольдігінен жеткізілген салат көктері партиясынан, сондай-ақ Армения Республикасынан әкелінген 600 дана кесілген гүлден анықталды.

Аталған өнім иелеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне («Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу») сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Астанада фитосертификатсыз әкелінген сәндік өсімдіктер жойылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде фитосанитариялық бақылауды күшейту жұмыстарын жалғастыруда.

Қолға алынған шаралар аса қауіпті карантиндік объектілердің еліміздің аумағына кіргізілуі мен таралуының алдын алуға, отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғауға және елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью