Нигерия президенті Трамппен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

03.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл туралы Тинубудың саяси коммуникациялар жөніндегі арнайы кеңесшісі Дэниэл Бвала хабарлады.

— Президент Бола Тинубу да, Дональд Трамп та бүлікшілермен және терроризмнің барлық түрімен күреске мүдделі, - деді Бвала Х әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ол сондай-ақ бұл кездесудің қайда өтетіні туралы да жазды. 

— Нигериядағы террористер тек христиандарға ғана емес, түрлі діни сенімдегі адамдарға да шабуыл жасай ма деген мәселеге қатысты көзқарас айырмашылықтары бар. Бұл келіспеушіліктер екі ел басшыларының алдағы күндері өтетін кездесуінде талқыланып, шешіледі. Кездесу Нигерия президентінің сарайында немесе Ақ үйде өтуі мүмкін, - деп қосты ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Пентагон Нигериядағы радикалдарға қарсы шара дайындап жатқанын мәлімдеген болатын. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью