Нигериядағы шахтада көмірқышқыл газына уланып 37 кенші қаза тапты

18.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қайғылы оқиға Нигерияның орталық бөлігіндегі Плато штатында, Зурак елді мекенінің маңында болған. Жасы 20 мен 35 аралығындағы кеншілер жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде көміртек тотығымен уланып, есінен танып қалған. Өкінішке қарай 37 адамның бәрі тіл тартпай кеткен. Ал 25 адам жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілген. 

Полиция оқиға орнын қоршауға алып, қайғылы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда көмір шахтасындағы жарылыстан 15 кенші қаза тапқан еді.

Оңтүстік Африкадағы Стилфонтейн шахтасынан 78 заңсыз кеншінің денесі табылған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью