Никол Пашинян қазақша ән тыңдады (ВИДЕО)

21.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Астанаға ресми сапармен келген Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желідегі парақшасында елорда таңын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол қазақша ән қойып, ерекше сәлемдеме жолдап, оқырмандарына сәтті күн тіледі.

Еске сала кетейік, Никол Пашинян Астанаға кеше кешке келді. Оны әуежайда Қазақстанның үкімет басшысы Олжас Бектенов қарсы алды.

Бүгін екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған. Никол Пашинян мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз жүргізеді.

Бағдарламада сондай-ақ Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен және парламент төрағасы Ерлан Қошановпен кездесулер, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына және Қазақстан Ұлттық мұражайына бару қарастырылған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью