Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: championat.com
АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы «Линкольн Файненшел Филд» стадионында өткен матчқа швециялық төреші Гленн Нюберг төрелік етті.
Африкалық құрама шабуылшы Николя Пепенің дублі командасына келесі кезеңнің жолдамасын сыйлады. Ол ойынның 7-минутында есеп ашты. Екінші таймның 64-минутында Пепе тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды.
Осылайша Кот-д'Ивуар үш матчтың қорытындысы бойынша алты ұпай жинап, Е тобында екінші орынға ие болды. Ал нидерландылық маман Дик Адвокат жаттықтыратын Кюрасао құрамасы бір ғана ұпаймен соңғы орынға жайғасып, турнирмен қоштасты.
Еске салайық, осы топтағы Эквадор мен Германия арасындағы матч сенсациямен аяқталды. Эквадор турнир фавориттерінің бірі саналған құраманы 2:1 есебімен жеңіп, үшінші орынмен плей-оффқа шықты.