Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Нипах вирусына қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасының барлық өткізу пункттерінде санитарлық бақылау күшейтілді. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Халықаралық әуежайларда халық денсаулығына байланысты төтенше жағдайлар туындаған жағдайда іс-қимыл жасау бойынша оқу-жаттығулар өткізілуде. Медициналық ұйымдар жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр. Оларда дәрі-дәрмектердің, қорғаныс және дезинфекциялау құралдарының қажетті қоры бар», — деп хабарлады министрлік.
Инфекция жұқтыру қаупі бар елдерден, соның ішінде Үндістаннан келетін адамдарға ерекше назар аударылуда. Мұндай елдердің тізімі тұрақты түрде жаңартылып отырады.