Нитрат пен химия: Ерте піскен жемістердің денсаулыққа зияны бар ма?

22.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Көктем мезгілі басталысымен-ақ базарлар мен дүкендерде ерте пісетін көкөністер мен жемістер пайда бола бастайды. Дәл осы кезеңде қияр, қызанақ, редис, құлпынай және басқа да маусымдық өнімдерге сұраныс артады. Жаздың бастапқы тұсында да сөрелерде самсап тұратын мұндай өнімдер тұтынушыларды өзіне ерекше тартып тұрады. Көкөністер мен жемістер дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігі екені белгілі. Алайда ерте піскен өнімдердің денсаулыққа пайдасы бар ма? Осы орайда Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевпен сұхбаттасқан едік.

Фото: Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (архив)

– Ерте піскен өнімдердің құрамында нитрат мөлшері жеткілікті бола ма?

– Нитраттар – топырақ пен суда табиғи түрде кездесетін азот қосылыстары. Өсімдіктердің өсуі үшін құрамында нитраттардың болуы маңызды. Нитраттардың өзі салыстырмалы түрде қауіпсіз, алайда адам ағзасында олар нитриттерге айналуы мүмкін. Артық мөлшерде нитриттер қанның оттегін тасымалдау қабілетін төмендетуі мүмкін. Әсіресе ерте жастағы балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар адамдар сезімтал келеді. Ерте пісетін көкөністер көбінесе жылыжай жағдайында өсіріледі және өсуін жеделдету үшін тыңайтқыштар қолданылады. Агротехникалық талаптар сақталмаған жағдайда, әсіресе жарық пен жылу жеткіліксіз болғанда, өсімдіктерде нитраттардың жиналуы артуы мүмкін.

Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді

– Қандай өнімдердің құрамында нитраттардың мөлшері көбірек болады?

Нитраттардың жоғары мөлшері көбінесе жапырақты көкөністерде (шпинат, салат, аскөк), редисте, қырыққабатта, қияр мен қызанақта, қызылшада, кәдіде, сондай-ақ бақша дақылдарында (қарбыз бен қауында) кездесуі мүмкін.

Бақша өнімдерінің (қарбыз, қауын) сөрелерде ерте пайда болуы олардың жеделдетілген жағдайда өсірілгенін көрсетуі мүмкін, бұл өз кезегінде нитраттардың жиналу қаупін арттырады. Қарбыз бен қауынды тұтынудың ең қолайлы кезеңі – олардың табиғи пісу маусымы.

 

Көкөністер мен жемістерді таңдау және пайдалану кезінде ықтимал тәуекелдерді азайту үшін не істеу қажет?

– Өнімнің сыртқы түріне назар аударған дұрыс (тым ірі, табиғи емес ашық түсті, иісінің болмауы өсіру жағдайларының бұзылғанын көрсетуі мүмкін). Өнімнің маусымдылығын ескеру керек, яғни, табиғи пісу кезеңіне неғұрлым жақын болса, нитраттардың артық мөлшерде болуының ықтималдығы соғұрлым төмен.

Өнімді ұйымдастырылған сауда орындарынан (дүкендер, базарлар) сатып алған жөн (мұнда өнімнің қауіпсіздігіне бақылау жүргізіледі). Қажет болған жағдайда өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттарды сұратқан ләзім.

Шіріген көкөністер сатылған: Вице-министр ақтөбеліктердің шағымына жауап берді

Тұтынар алдында көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет, мүмкіндігінше қабығын, тамыр бөліктерін және сабақтарын алып тастау керек, өйткені осы бөліктерде нитраттар көбірек жиналуы мүмкін;

Кейбір көкөністер үшін (әсіресе тамыржемістер) суда жібіту-қайнату нитрат мөлшерін азайтуға септеседі.

Көкөністер мен жемістер толықтай тұтынудан бас тартудың қажеті жоқ. Қарапайым таңдау және өңдеу ережелерін сақтау денсаулыққа ықтимал қауіптерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

– Әңгімеңізге рақмет!

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді

Банк • Бүгін, 16:55

Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті

Оқиға • Бүгін, 16:40

30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты

Университет • Бүгін, 16:32

Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген

Қоғам • Бүгін, 16:20

Трамп Польшаға қосымша 5 мың әскер жібермекші

Әлем • Бүгін, 16:17

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Грузияда ұсталды

Оқиға • Бүгін, 16:03

Жиһаз жасату немесе пәтер жөндеу кезінде алданып қалмас үшін не істеу керек?

Сауда • Бүгін, 16:00

Екібастұздағы негізгі электр станцияларының қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Аймақтар • Бүгін, 15:45

Келуші мейрамханадағы дәмсіз әрі шикі тағамның ақысын төлеуден бас тарта ала ма?

Қоғам • Бүгін, 15:41

Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі

Сауда • Бүгін, 15:36

«Суға батты»: Астанада полицияны алдаған екі азамат жауапқа тартылды

Қоғам • Бүгін, 15:27

Нитрат пен химия: Ерте піскен жемістердің денсаулыққа зияны бар ма?

Сұхбат • Бүгін, 15:15

Алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 15:06

Алматыда 29 жастағы жігіт кинотеатрда көз жұмды: Полиция тексерісті бастады

Оқиға • Бүгін, 14:45

Атырауда балабақшада жұмыс істеген зейнеткерлерге жалақы төленбеген

Қоғам • Бүгін, 14:21

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью