№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24.10.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматы қаласы Медеу ауданындағы Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицейде Республика күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы түсіндірілді.
Іс-шара барысында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ел егемендігі мен халық бірлігін бейнелейтіні атап өтілді. Оқушыларға мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ел тарихын білу және азаматтық жауапкершілік туралы айтылды.
Кездесу жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, тәуелсіздік құндылықтарын түсінуге және ел тарихына құрметпен қарауға бағытталды.
Еске салайық, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Қазақстанның тәуелсіздік алуына негіз болған осы тарихи оқиғаға орай жыл сайын 25 қазанда Республика күні атап өтіледі.
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью