№6 қалалық емхана дәрігерлері сәбидің өмірін сақтап қалды

29.12.2025

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сурет: freepik.com

Атырауда №6 қалалық емханасында төрт айлық нәрестенің өміріне қауіп төнген сәтте дәрігерлер жедел әрекет етіп, баланы аман алып қалды.

Қабылдау кезінде анасы баласын емізіп отырған сәтте кенеттен сәби тынысы тоқтап, терісі көгере бастады, денесі әлсіреп, өміріне тікелей қауіп төнді. Бірнеше минут бойы сәби өмір мен өлімнің арасында болды.

Дәрігерлер дереу көмекке кірісті: невропатолог апноэ ұстамасын анықтап, әріптестерін шақырды. Сәбиге оттегі терапиясы жасалды, ауыз қуысы тазартылды, ішкі қысымды азайту үшін газ шығаратын түтікше қойылды.

Әрбір әрекет үйлесімді және нақты орындалды. Нәтижесінде сәби біртіндеп тынысын қалпына келтіріп, жылап, сатурация деңгейі 74%-дан 84%-ға көтерілді.

Жедел жәрдем бригадасы келген соң нәресте облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, толық тексеру мен бақылауға алынды.

Бүгін, 14:23

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью